ШЫНБЕРГЕН ТІЛЕУЛЕСОВ

Shimbek agaәнші, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері

      Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, «Лахалы» елді-мекенінде 1958 жылы 10 сәуірде дүниеге келген. 1975 жылы Қазалы қаласындағы №17 Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепті бітіріп, туған ауылында қарапайым жұмысшы болып қызмет атқарған. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Ән салу» факультетін бітірген.

   1977 жылы Мәдениет басқармасының жолдамасымен Алматыдағы республикалық эстрада–цирк өнер студиясына түсіп, оны 1979 жылы Жүсіпбек Елебеков класынан бітіріп шығады. Осы жылы Мәдениет министрлігінің жолдамасымен Қызылорда облыстық филармониясына әнші болып қызметке тұрады. Көптеген облыстық, республикалық мәдени іс- шараларға үзбей араласып келеді. Репертуарында көптеген халық әндері мен халық сазгерлерінің әндері бар. Домбырамен төгілте ән салудың асқан шебері. Ш.Тілеулесовтің өнер сүйер қауымға білімді де білікті, іскер мәдениет қызметкері ретінде танылуы, оның адал да таза еңбегінің нәтижесі. 

Толығырақ...

БАҒДАУЛЕТ ҚАРҒАБАЕВ

Bagdaulet    Қызылорда қаласында 1986 жылы 8 қыркүйекте туылған. 1993 жылы №9 мектеп-гимназиясын, 2002 жылы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің «Саздық білім беру» бөліміне түсіп, оны 2006 жылы бітірген. Сол жылы білімін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Саздық білім беру» бөлімінде жалғастырады. 2010 жылы облыстық филармонияға жұмысқа қабылданды.

    Қарағанды қаласында өткен Республикалық Мәди Бәпиұлының 130 жылдығына арналған конкурсқа катысып, «Ғарифолла Құрманғалиев» атындағы арнайы жүлдеге ие болды. 2011 жылғы Астана қаласында өткен Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі орындаушылардың VII Республикалық конкурсының жүлдегері.

МАРАТ СҮГІРБАЙ

Marat Sugirbai жыршы

Қызылорда облысының Қазалы ауданында 1990 жылы 16 қазанында дүниеге келген.

2008-2012 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінде «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасынан білім алды. 2009 жылы өткен облыстық «Жыр керуен» жыршы-термешілер байқауының, 2011 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында өткен республикалық «Кәнекей, тілім, сөйлеші» атты байқауының І орын иегері.

2009 жылғы «Сүлейлер сөзі-саф алтын» атты аймақтық жыршы-термешілер байқауының ІІІ орын иегері. 2010 жылы Арал ауданында өткен Нұртуған Кенжеғұлұлының 120 жылдығына арналған «Кәнекей, тілім, сөйлеші» атты жыршы-термешілер байқауының ІІІ орын, 2011 жылы Шиелі ауданында өткен «Әлмырзаның әндері-ай» атты облыстық дәстүрлі орындаушылар байқауының І орын иегері, 2012 жылы Шымкент қаласында өткен «Кәнекей, тілім, сөйлеші» атты дәстүрлі республикалық байқауының Бас жүлдегері.

    2012 жылы Шиелі ауданында өткен «Ән мен жырдың дүлдүлі – Нартай ақын» атты республикалық дәстүрлі орындаушылар байқауының арнайы жүлдесіне ие болды. 2012 жылдың қыркүйегінен бастап Қызылорда облыстық филармониясында жұмыс атқарады. 

Толығырақ...

Руслан АХМЕТОВ

Ruslan Ahmetovжыршы, оркестрдің солисі

1977 жылы 23 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Мемлекеттік университетінің «Халық әні» кафедрасының түлегі. Халықаралық, республикалық «Ғасырлар үні» жыраулар конкурсының (2001, 2003, 2006 ж.ж.), халықаралық «Шабыт» жастар шығармашылығы өнер фестивалінің лауреаты. 2000 жылы Түрік елінде өткен халықаралық жастар фестивалінде ҚМУ-дың «Дидар» этнографіиялық-фольклорлық ансамблінің құрамында өнер сапарында болды. 2003 жылы Ақтау қаласында өткен республикалық жыршы-жыраулар конкурсының ІІ орын иегері.  Ол республикалық «Керулен» этнографиялық-фольклорлық ансамблінің құрамымен  бірнеше шетелдерде гастрольдік сапарларда болып өнер көрсетіп қайтты.    

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Астана қаласындағы облыстардың біріккен мерекелік концертінде Тұрмағамбет оркестрімен өнер көрсетіп, Елбасынан жоғары баға алды. 

Жыршының орындауындағы жыр-дастандары 2001, 2003, 2004 жылдары  «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Ауылдың алтыауызы», «Сыр сүлейлері» атты бағдарламаларына түсіріліп, жазып алынды. 

Толығырақ...

Жарасхан Төлебай

jarashanТөлебай Жарасхан Кәрібайұлы 1995 жылы, ақпан айының 9-шы жұлдызында Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Лақалы ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Лақалы ауылындағы №93 орта мектептің 1-ші сыныбына қабылданады. 2012 жылы аталмыш мектептің 11-ші сыныбын ойдағыдай бітіреді. Осы жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Дәстүрлі өнер-жыр» мамандығына оқуға түсіп, қазіргі таңда осы мамандықтың 3-ші курсында білім алып жатыр.

2005 жылы аудандық «Бозторғай» балалар байқауының  3 орын иегері

2011 жылы «Жырлайды жүрек  атты ІІІ республикалық байқаудың 3 орын иегері.

2012 жылы Ғ.Мұратбаевтың 110 жылдығына арналған «Сәулем-ай» атты халық әндерінен  байқауында 1 орын, 2012 жылы ХІҮ облыстық «Бозторғай» балалар байқауында бас жүлде иегері атанады.

2015 жылы Облыстық «Майданнан хат» жыршылар байқауының 3 орын иегері.

2014 жылдан бастап Қызылорда облыстық филармониясында жұмыс атқарады.

JSN Nuru template designed by JoomlaShine.com