АЙГҮЛ ӨТЕБАСОВА

Utebasova     Айгүл Тастыбайқызы 1977 жылы 20 қаңтарда Арал ауданы, Аманөткел елді мекенінде дүниеге келген. 1983-1993 жылдары № 73 қазақ орта мектебінде оқыған. 1994 жылы еңбек жолын Аманөткел ауылдық мәдениет Үйінде хатшы болудан бастап, 1995-1998 жылдары Ақтөбе қаласындағы гуманитарлық мәдениет колледжін бітірді. Колледжде оқи жүріп түрлі мәдени іс-шараларға, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. 1999 жылдан бастап Қызылорда облыстық филармониясында жұмыс атқарады. 2009-2012 жылдары Қызылорда қаласындағы «Ақмешіт» гуманитарлық институтының мәдени-тынығу жұмыстары бөлімін бітірді. Қазіргі уақытта филармонияның администратор-ұйымдастырушысы қызметін атқарады. Басқа облыстар мен аудандарда филармония ұжымдарының концерттік гастрольдерін ұйымдастырып өткізіп отырады.

Байланыс тел: 8-705-556-48-09, 8-702-333-09-29

КАМШАТ ҚОЖАҚОВА

Kamshat   Қызылорда облысы, Қазалы ауданында 1985 жылы дүниеге келген. 2006 жылы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің «Мәдени-ағарту ісі» бөлімін аяқтап, «Ақмешіт» гуманитарлық институтының «Мәдениеттану» бөлімінен сырттай білім алды. 2008 жылы Қызылорда қаласында өткен «Менің дауысым, Отанға!» және 2010 жылы өткен «Сыр елінің жаңа жұлдыздары» атты телемега жобаның  лауреаты.

2014 жылдан бастап облыстық филармонияда ұйымдастырушы-менеджер қызметін атқарып келеді.

 Байланыс тел: 8-702-603-75-65, 8-777-525-25-75

ҚҰРМАНБЕК БОРАНБАЕВ

Kurmanbek   Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қарақұм ауылында 1969 жылдың 1 наурызында дүниеге келген. Қызылорда қаласындағы №1 Май атындағы (қазіргі Қ.Мұхамеджанов атындағы) орта мектепті, 1988 жылы Қызылорда совхоз техникумын, 2003 жылы Алматы қаласындағы «Бағалау» институтын, 2006 жылы «Болашақ» университетін бітірген.

1999 жылдан бері Қызылорда облыстық филармониясында «Сыр әзілі», «Ошаған» әзіл-сықақ отауында әртіс қызметін атқарып келсе, қазір ұйымдастырушы-менеджер қызметін атқарады. 2002 жылы филармония жанындағы «Сыр әзілі» әзіл-сықақ отауы құрамында Алматы қаласында өткен І республикалық әзіл-сықақ конкурсында өнер көрсетіп, 2010 жылы Ақтөбе қаласында өткен Ү-ші Республикалық «Айтқыштар Ақтөбеде» атты әзіл-сықақ байқауында «Ошаған» әзіл-сықақ отауы І-дәрежелі дипломның иегері атанды.

2009 жылы Мәдениет қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің «Құрмет Грамотасымен», 2011 жылы Қызылорда облысының Мәдениет басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

Байланыс тел: 8-777-562-27-65, 8-701-370-04-06

АЙЗАДА ЖӘНІБЕКОВА

Aizod

    Айзада Бекбайқызы Қызылорда облысы Жалағаш ауданында 1990 жылы 21 мамырда дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығы бойынша үздік бітірген. Еңбек жолын 2011 жылы Жалағаш аудандық мәдениет үйінде әдіскер қызметінен бастап, 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап Қызылорда облыстық филармониясында ұйымдастырушы қызметін атқарып келеді. Жас та болса жаңа ұжымға, жаңа қызметке тез үйренісіп, тәжірибелі мамандардың ақыл-кеңестерін ала отырып облыс көлеміндегі филармония ұжымдарының концерттерін ұйымдастыру жұмыстарын өз дәрежесінде атқарып келеді.

Байланыс тел: 8-707-807-37-33

ГҮЛНАЗ ШАЙХЫСТАМОВА

Gulnaz apaiШайхыстамова Гүлназ Сапарымбетқызы 1976 жылы 14 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1983-1993 жылдары №171 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінде білім алады. 1993 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Экономика және өндірісті басқару»  мамандығын 1998 жылы аяқтайды.

Еңбек жолын 1999 жылы Шымкент «Данель» экономика институты кафедрасында оқу меңгерішісі қызметінен бастайды.

2000-2007 жылдар аралығында Қызылорда облыстық қосымша білім беру орталығында педагог-ұйымдастырушы болып жұмыс жасаған.

2008 жылдан бастап облыстық филармонияда ұйымдастырушы-менеджер қызметін атқарып келеді.

Байланыс тел: 8-705-192-33-42, 8-707-192-33-42

JSN Nuru template designed by JoomlaShine.com