Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі

     OrkestrobМәдениетіміз бен өнеріміз өркенін жайып, рухани құндылықтарымыз қайта дәріптеліп жатқан тұста өнерді одан әрі өрістету, халық мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында 2007 жылы сол кездегі облыс әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қолдауымен жаңа кәсіби өнер ұжымы Тұрмағамбет атындағы  халық аспаптары оркестрі құрылды. Сыр сүлейі, атақты шайыр Тұрмағамбет Ізтілеуұлының 125 жылдық мерейтойы қарсаңында құрылған оркестрге шайырдың аты берілді. Оркестрдің негізгі құрамын Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы мен Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжін бітірген кәсіби білікті, музыка мамандары мен талантты өнер иелері құрайды. Оркестр репертуарында халық және Қазақстан композиторларының шығармалары, ән-күйлері, классикалық және Батыс Еуропа композиторларының, барлығы 300-ге жуық шығармалары бар. Сонымен қатар, репертуарларына Сыр елінің атақты күйші-композиторлары Қазанғап, Шал Мырза, Бекпембет, Әлшекей, Жалдыбай, Құрақтың Досжаны, Қаражанның Төлегенінің тың күйлері мен шығармалары және жергілікті күйші- сазгерлер Исламбек Ысқақов, Мұрат Сыдықов, Альберт Алмағамбетов, Төлепберген Тоқжановтың ән-күйлері мен шығармалары енгізілді. 

Толығырақ...

"Ақмешіт" фольклорлық ансамблі

Akm14     «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі -Сыр бойының төлтума өнерін, ұлттық фольклорын насихаттау мақсатында 2009 жылы облыстық филармония жанынан құрылды. Қазіргі таңда ансамбльдің құрамында 12 кәсіби маман жұмыс жасайды. Ансамбльге халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, баяншы Нұрбай Нұрғиса жетекшілік етеді. Ансамбль репертуарындағы қазақ композиторларының күйлері мен халық әндері жаңаша өңдеумен көрермендер назарына ұсынылып жүр. Репертуарында 100-ден астам шығармалар бар. Ансамбль облыс көлемінде өткізілетін облыстық, республикалық, халықаралық мәдени шараларға белсене ат салысып отырады. Сонымен бірге түрлі байқау, конкурстарға қатысып, кәсіби деңгейлерін, шеберліктерін шыңдап, үнемі шығармашылық ізденіспен жүреді. 2011 жылы Алматы қаласында өткен Республикалық «Ғасырлар сазы» дәстүрлі музыкалық фестивалінде дипломант атанса, осы жылы Қызылорда қаласында өткен халықаралық «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты фольклорлық-музыкалық өнер фестивалі аясындағы бағдарламаларда өнер көрсетіп, Халықаралық «ТҮРІКСОЙ» бірлестігі мен облыс әкімінің арнайы сертификатына ие болды. 

Толығырақ...

«ТҰРАН» ТРИОСЫ

 001 001Трио мүшелері  А.Өтеуов, Қ.Заитов, А.Қожахметов. "Тұран" триосы  2006 жылы облыстық филармония  жанынан құрылып, облыс көрермендерінің көзайымына айланылып отыр. 2006  жылы өткен халықаралық Түркі тілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» музыкалық-фольклорлық фестивалі барысындағы мерекелік бағдарламаға «Тұран» деген атпен шығып, өнердегі сапарын бастады.Репертуарларында эстрадаға бейімделген халық әндері, Қазақстан композиторларының әндері бар.  «Тұранның» облыс көлемінде ұйымдастырылған мәдени көпшілік іс-шараларға қатысу көрсеткіші жоғары. Өйткені, олар тыңдармандарын орындау шеберлігімен, ерекше таңдалған репертуар байлығымен баурайды. 2010 жылы топ алғашқы бейнебаянын «Арайлым» әніне түсірді. Облыстық филармонияның 40 жылдығына арнап Қазақстан эстрадасының жұлдызы Жұбаныш Жексенұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Күлән Қалымбетова және «Мереке» вокалды-аспапты ансамблінің қатысуымен «Туған елім –Тұран далам» деген айдармен жеке концертін қала жұртшылығының назарына ұсынды.  2016 жылдан бастап «Тұрандықтардың» құрамы өзгеріп, топтың жаңа мүшесі Алмас Қожахметов болды. Енді «Тұран» триосы бұрынғы репетуарларындағы әндерді және жаңа авторлық әндер жаздырып жатыр. Топ мүшелерінің барлығы да  кәсіби мамандар.«Тұран» тобының әлі талай асуларды алып, өнердің биік шыңдарынан көрінетініне сеніміміз мол. 

«ТОМИРИС» БИ АНСАМБЛІ

Tom14«Томирис» би ансамблі 2001 жылы сол кездегі филармония директоры, облысқа белгілі өнер жанашыры Сәрсенкүл Ибрашеваның бастамасымен құрылған болатын. Алғашқы ашылған кезде би тобының құрамында небәрі 4-ақ биші болса, қазір «Томирис» би ансамблінде барлығы 24 биші- хореографтар жұмыс жасайды. Барлығы дерлік кәсіби мамандар. Ансамбльдің жетекшісі, әрі бас балетмейстері Гүлбану Елубайқызы Мырзабаева. Ол «Томирис» би тобының ансамбль болып қалыптасуына үлкен еңбек сіңірді. Ансамбль Қызылорда облысындағы бірден-бір кәсіби өнер ұжымы. Кең ауқымды репертуары аса талғампаздықпен жасақталған. Ансамбль жұмысының басты мақсаты Сыр елі би өнерінің деңгейін көтеру, қазақ ұлттық биінің бояуын жоғалтпау, заманауи талаптарға сай қазақ биін жаңаша көркемдеу және келешекте би өнерінің деңгейін сақтап қалатын мамандарды тәрбиелеу болып табылады. «Томирис» би ансамблі облысымыздың мәдениеті мен өнерінің дамуына сүбелі үлесін қосып келеді. Облыс көлеміндегі, республика аумағында ұйымдастырылып өткізілген мәдени-көпшілік шараларға белсене араласып, Сыр өнерін паш етуде. Мемлекеттік, ұлттық мейрамдарда қойылатын театрландырылған көріністерді дайындап, бишілікпен қатар актерлік шеберліктерін ұштап отырады. Кәсіби деңгейін көтеру, тәжірибе алмасу мақсатында облыстық, республикалық, халықаралық байқау, конкурс, фестивальдарға да үзбей қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетіп төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді. Айтар болсақ, ансамбль: Облыстық «Сыр сұлуы» бишілер байқауы (Қызылорда, 2001 ж.), «Сырдария-Жырдария» өнер фестивалі (Қызылорда, 2002 ж.), Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің (Астанада, 2002 ж.) лауреаты. 2005 жылы ансамбльдің бишілері Индира Боранқұлова облыс әкімінің стипендиясының иегері болса, Айнұр Жәлиева жылдың «Өнерлі жанұя» номинациясына ие болды. Сондай-ақ, ансамбль Ш.Жиенқұлова атындағы ІІІ-республикалық қазақ халық биі байқауының дипломанты (Орал, 2006 ж.), Халықаралық «Бұраң бел» халық биі фестивалінің (Шымкент, 2007 ж.), «Шашу» аймақтық би фестивалінің (Қызылорда, 2007 ж.), Қызылорда облысының 70 жылдығы мен Қызылорда қаласының 190 жылдық мерейтойына арналған «Бұраң бел» облыстық бишілер фестивалінің (Қызылорда, 2009 ж.) лауреаты, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өткен «Азат елдің айшықты билері» атты би қойылымдары конкурсының Бас жүлдегері (Қызылорда, 2011 ж.), осы жылы Түркия елінде болып, Анталияда өткен Халықаралық ІІ-ші «Харман – фольклор» фестивалінің лауреаты атанды.

Толығырақ...

«СЫР САМАЛЫ» ВОКАЛДЫ АСПАПТЫ АНСАМБЛІ

Syr samaly     Ансамбльдің негізін Сыр еліне белгілі музыкант, сазгер, әнші Ғалымжан Елубаев қалады. Алғашқы рет ансамбль Қызылорда халқына «Такси-Джаз» атымен танылды. 2009 жылы ансамбль құрамы жас өнерпаздармен толықтырылып филармония жанынан «Сыр самалы» вокалды аспапты ансамблі болып қайта ашылды. Алғашқыда біршама қиындықтар болғанымен, ансамбльдің негізгі құрамындағы белді кәсіби музыканттар мен өнерлі жастар жігерін жани отырып, ол сындардан да өтті.  2015 жылдың ақпан айында вокалды аспапты ансамбль мен үрлемелі аспаптар ансамблі біріктірілді. Құрамында 13 штаттық бірлікте 14 маман жұмыс жасайды. Жетекшісі  Баймбетов Марлен.

Қазіргі уақытта репертуарында 100-ден астам шығармалар бар. Оның ішінде аспапқа арналған эстрадалық композициялар, джаз, джаз-рок бағытындағы шығармалар, Қазақстан композиторларының әндері мен шетелдік композициялар. 

Толығырақ...
JSN Nuru template designed by JoomlaShine.com