КЕНЖЕҒАРАЕВА ЖАЗИРА МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ

Jazira 1                                                                      Бөлім меңгерушісі

      1980 жылы 1 қарашасында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Ақарық ауылында дүниеге келген. 1996 жылы № 124 мектептің 9 сыныбын аяқтап, сол жылы Қызылорда музыкалық колледжінің «Хорды дирижерлау» бөліміне түсіп, аталған мамандық бойынша 2000 жылы аяқтаған.

      Еңбек жолын 2003 жылы Қарауылтөбе ауылдық клубының сүйемелдеушісі ретінде бастап, 2008 жылы клуб меңгерушісі қызметіне ауыстырылды. 2011-2013 ж. А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінің әдіскері қызметін атқарған.Осы қызмет жасаған жылдар аралығында облыстық кәсіподақ комитетінің алғысы, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  алғысы, 2013 жылы сазгер және продюсер, «Әнші болғым келеді» атты телевизиялық бағдарламасының авторы А.Махамбетованың шығармашылық кешін ұйымдастыруда қосқан үлесі үшін және мәдениет қызметкерлері күніне орай Қызылорда қаласы әкімінің алғысымен марапатталған. Сонымен қатар 2009 жылы «Қазақ қызы» атты композитор Р.Таймановтың әндерін орындаушылардың облыстық байқауының  ІІІ орын жүлдегері, 2010 жылы Сырдария ауданында өткен композитор Р.Тайманов әндерін орындаушылардың облыстық байқауында «Дипломант», 2012 жылы Арал ауданында өткен «Үздік әдіскер - 2012» облыстық әдіскерлер байқауының ІІІ орын иегері.

    2013 жылдың қараша айынан Қызылорда облыстық филармониясының әдіскері, 2014 жылдың мамыр айынан бастап шығармашылық бөлімше меңгерушісі қызметін атқарып келеді.    

Жүсіп Нұргүл Өмірханқызы

Маман

   Жүсіп Нұргүл  Өмірханқызы 1979 жылы 13 қарашада  Қызылорда  облысы, Жалағаш  ауданында дүниеге  келген. 1998-2002 жылдары Қорқыт  Ата  атындағы Қызылорда  мемлекеттік  университетінің  «Дәстүрлі өнер - жыр» мамандығын бітірген. 2003-2008 жыл  аралығында Жалағаш  ауданы, Ақсу  ауылындағы  №116 орта  мектепте  музыка үйірмесінің жетекшісі қызметін атқарған. 2008-2013 жылдары Жалағаш  аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі,  2013-2014  жылдары  М.Мәметова  атындағы  гуманитарлық  колледждің  «Өнер» бөлімінде  оқытушы  қызметін  атқарды. 2014 жылдың қаңтар айынан  бастап  Қызылорда  облыстық филармониясында  маман қызметін атқарады.

Жетістіктері:

        2003- 2007  жылдары  аралығында  білім  қызметкерлері  арасында  өткізілген  аудандық, облыстық  «Наурыз  шапағаты» фестивальінің  лауреаты.

    2008 жылы  Қызылорда  қаласында  өткізілген  Т.Жүргенов  атындағы  «Ән  қанатында» атты  Республикалық  дәстүрлі  әншілер  фестивальінің  лауреаты.

  2009 жылы  Дүр  Оңғар  атындағы  Республикалық  жыршы- термешілер  фестивальінің,2009 жылы  өткен Б.Байкенжеев  атындағы  облыстық  байқаудың  дипломанты.

    Өнер  жолында  шәкірттер  тәрбиелеп, шәкірттері  облыстық, халықаралық байқаулардың жүлдегерлері.

Асылбекова Индира Асылбекқызы

   әдіскер

    Индира Асылбекқызы 1984 жылы 21 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.  1990- 2001жылдар аралығында  № 43 Ж.Махамбетов атындағы қазақ орта мектебінде білім алады.

    2002 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетіне түсіп, 2007 жылы үздік дипломмен бітірген. 2008-2010 жылдар аралығында ХҚКО –да инспектор қызметінде жұмыс жасаған.

   2013-2014 жылдар аралығында Қазанғап атындағы музыкалық колледжінде әдіскер қызметінде жұмыс жасап, 2014 жылдың қараша айынан  бастап Қызылорда облыстық филармониясында әдіскер қызметін атқарып келеді.

JSN Nuru template designed by JoomlaShine.com