Күлән Қалымбетова

Kulan apai 2әнші, ҚР Еңбек сіңірген әртісі

  Қалымбетова Күлән Жантемірқызы  Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесінің бастауыш  мектеп мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

1977 жылы "Мелиоратор" сарайына көркемдік жетекші болып қызметке орналасқан.

1978 жылы қаңтар айында облыстық "Өмірімді әнмен өрнектейміз" атты байқауға қатысып, сол жылы облыстық филармонияның әншісі қызметіне шақырту алады. Бірнеше облыстық байқаулардың жеңімпазы. 

1992 жылғы тұңғыш Ш.Қалдаяқов атындағы Республикалық байқаудың лауреаты, 1993-1994 жылдары Алматы қаласында өткен "Қарқара" жәрмеңкесіне қатысқан. Сонымен бірге Өзбекстанның Бұқара, Самархан, Новаии, сонымен қоса Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан елдерінде гастролдік сапарда болған. 

1998 жылы 13 мамырда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі" атағын алды. 

2002 жылы Қызылорда педагогикалық университетінің музыка бөлімін үздік дипломмен бітіріп шықты. 

2002 жылдың  қорытындысымен халықтың сүйікті әншісі номинациясына ие болды. 

Елбасының 2016 жылғы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ерен Еңбегі үшін» медалімен наградталды.


 

Үміт Медеуова

Medeuova

әнші, "Мәдениет қайраткері" төсбелгісінің иегері

  Медеуова Үміт Еменқызы 1984 жылы Шымкент қаласында Әл-Фараби атындағы педагогикалық  институтының "Халық аспаптар бөлімінің жетекшісі" мамандығы бойынша 1988 жылы бітірді. Институт жанынан құралған "Достық" ансамблінің құрамында болып, түрлі байқауларға қатысып, бірнеше шетелдік гастрольдерде өнер көрсеткен. 

1988-1990 жылдары жолдамамен Қызылорда қаласындағы "Бумажник" мәдениет үйінде үйірме жетекшісі болып қызмет атқарды.

1990-1998  жылдар аралығында облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығында бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. Осы қызметте жүре отырып, "Қазына" фольклорлық ансамблінде әнші-термеші ретінде жұмыс істеді. 

1998 жылдан бері  облыстық филармонияда әнші-термеші қызметін  атқаруда. 

2004 жылы өткен республикалық К.Әзірбаев атындағы әншілер конкурсының дипломанты.   2006 жылы 14 сәуір күні Н.Бекежанов атындағы драма театрда  Есеп беру концертін өткізді. 

2011 жылы ҚР "Мәдениет қайраткері" атағын иеленді.      

2011 жылы Облыс әкімінің стипендияты атанды.

2018 жылы 21 мамыр - мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағының» бірлескен Құрмет грамотасымен марапатталды.

РАУЗА ЫСҚАҚОВА

әнші

Rauza1     Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бөген ауылында 1972 жылы дүниеге келген. 1989 жылы З.Шүкіров атындағы Бөген орта мектебін бітірген. 1989-1991 жылдар аралығында қазіргі Ақмола облысы Жақсы ауданындағы мәдениет үйінде қызмет атқарған. 1991 жылы Қызылорда музыкалық колледжінің вокал бөлімінде Қаракөз Ақдәулетовадан дәріс алып, 1995 жылы бітіріп шықты. 1999 жылы Қорқыт Ата атындағы университетіне түсіп, 2003 жылы «Музыка және ән салу» бөлімін бітіріп шығады. Университет қабырғасында жүргенде 2002 жылы Роза Бағланова атындағы аймақтық конкурсқа қатысып лауреат атанды. 2012 жылы туған жері Бөген ауылы мен Арал қаласында жеке концертін берді. Репертуарында халық, қазақ классиктері мен композиторларының әндері бар.

ГҮЛФИРА ӘЛИХАНОВА

әнші

GupinҚызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Шіркейлі ауылында 1985 жылы дүниеге келген. М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің 2000 жылғы түлегі. Колледж қабырғасында жүргенде облыстық «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. 2004 жылы көпшіліктің назарына әнші ретінде көзге түскен Гүлфира облыстық филармонияға жұмысқа қабылданады. Осы салаға келгелі өзінің кәсіптік біліктілігін жоғарғы деңгейден көрсетіп, үнемі облыстық мәдени іс-шаралардан тыс қалған емес. 2002 жылы өткен аймақтық Р.Бағланова атындағы әншілер байқауының «Бір бала» номинациясының, 2004 жылы Шымкент қаласында өткен республикалық дәстүрлі «Арай» жас әншілер байқауының, 2004 жылы Қызылорда қаласында өткізілген «Студенттер көктемі» жастар шығармашылығы фестивалі аясындағы «Патриоттық әндер» конкурсының лауреаты. 2005 жылы Астанада өткен республикалық «Жас қанат» әншілер байқауының дипломанты, 2006 жылы Ақтөбе қаласында Кеңестер Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 80 жылдығына орай өткізілген патриоттық әндер байқауының дипломанты.

Оның репертуарында Қазақстан композиторлары мен жергілікті сазгерлердің таңдаулы әндері бар. 2009 жылы сазгер-әнші Индира Елубаева екеуі бірігіп жеке шығармашылық кештерін қала жұртшылығының назарына ұсынды. Қазір облыстық филармонияның әншісі.

БАҚЫТЖАН НАЙМАНОВ

                                                                                                                             әнші

Baha11987 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

1994-2005 жылдары Қызылорда қаласындағы №235 қазақ орта мектебінде оқыған. Мектеп қабырғасында жүріп ән айтып, облыстық «Бозторғай» балалар шығармашылығы конкурсына қатысып жүлделі ІІ орынды иеленеді. Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің «Ән салу» бөлімінің түлегі. Колледж қабырғасында жүріп бірнеше облыстық, республикалық байқауларға қатысты. Ол Сыр елі өнерлі жастарының «Менің дауысым, Отанға!» тележобасының дипломанты (2005), Орал қаласында өткен республикалық «Армандастар» конкурсының (2006) ІІІ орын иегері, Тараз қаласында өткен республикалық «Дельфийлік ойындары» фестивалінің дипломанты (2008).

      2009 жылы колледжді аяқтап, сол жылдан бастап облыстық филармонияда қызмет атқарып келеді.

JSN Nuru template designed by JoomlaShine.com