Филармония тарихы

СЫР ЕЛІНІҢ ӘН ШАҢЫРАҒЫ

 Бүгінгі күні «Сыр елі – жыр елі» деген киелі тіркестің жүгін сырбойылық әрбір өнерпаздың үлкен жауапкершілікпен арқалап келе жатқаны қуантады. Сыр еліне тән мақамдарды көмейіне қондырып, көрерменінің ыстық ықыласына бөленіп жүрген дәстүрлі орындаушылармен қатар эстрада жанрын терең меңгеріп, бүгінгі тыңдарманның талғамына сай жеткізіп жүрген әншілердің де орны бөлек. Қайбір республикалық, қала берді халықаралық байқауларда шашасына шаң жұқтырмай, жүлделі орындарды қанжығасына байлап, Сыр елінің атын төрткүл дүниеге паш еткен өнерпаздармен мақтануға болады. Сондай өңірдегі өнерлі орданың бірі – Қызылорда облыстық филармониясы.

 Облыстық мемлекеттік филармонияның іргетасы осыдан қырық жыл бұрын 1972 жылы 16 қарашада Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің бұйрығымен құрылған. Алғашқы жылдарда сазгер Тәңірберген Қалауов басшылық жасап, сол тұста «Сыр күмбезі» фольклорлық ансамблі, «Ақтолқын» эстрадалық ансамблі жұмыс жасайды. Фольклорлық ансамбльге белгілі жыршы-термеші Ақмырза Тұяқбаев, әнші Фатима Төлегенова, ал эстрадалық ансамбльге Қиынбай Сақтағанов жетекшілік еткен. Ұзақ жылдар бойы филармонияның бас администраторы болып Сәнжан Асылбекова қызмет атқарған. 

Толығырақ...
JSN Nuru template designed by JoomlaShine.com