ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ БІРІ

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында мәдениет саласына қатысты міндеттерді жүзеге асыру, қоғамдағы моральдық-адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға, қоғамдағы мәдениет деңгейін көтеруге, халықтың дәстүрлі негіздерін дамыту және қоғамға жалған құндылықтардың енуіне қарсы тұруға, отбасы және неке институтының рөлімен маңызын арттыру мәселелері бойынша аймақ тұрғындары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу тетіктерін қарастыру көзделген.

Осы мақсатта Қызылорда облыстық филармониясы мүдделі орган мамандарының қатысуымен «Діни экстремизм мен терроризм идеологиясынан және террорлық жалған ақпараттардан сақтану жолдары», «Ланкестік және террорлық қауіпі туралы жалған хабарлама берудің жауапкершілігі», «Терроризмге қарсы қорғалу дәрежесін арттыру» және «Діни экстремизм-опат болудың жолы», «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы және олардың қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау» тағыда басқа тақырыптарда филармония қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жиналыстарды филармонияның жылдық жоспарына сәйкес тұрақты түрде өткізіп отырады.

      Жалпы терроризм мен экстремизмнен қалай сақтанып отырудың жолын көрсететін мұндай түсіндірме жұмыстарының маңызы зор деп есептеймін.

Біздер Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде террористік, экстремистік әрекеттердің алдын-алуға үлес қосуымыз керек.

 

Азиза ИЗДИКУЛОВА,

Қызылорда облыстық филармониясы

директорының орынбасары

Іс-шаралар жоспары

040002

040000

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАУҚАРЛЫ КҮРЕС ҚАЖЕТ

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабі­леттілік» атты Жолдауында Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жолындағы стратегиялық маңызды мәселелерді айқындап, қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге, жаңғыртуға бағытталған бес негізгі басымдылықты белгілеп берді. Мұнда бесінші басымдықтың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес.

Мемлекеттегі заңнамаларды жақсы білу әр адамның өз іс-әрекетіне деген сенімділігін күшейтеді. Сыбайлас жемқорлық елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт екенін бәріміз де білуге тиіспіз. Сондықтан да ел азаматтарының, әсіресе жастарымыздың бойында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасуын қамтамасыз етуіміз керек.

Филармония залында  өткен жемқорлықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған жиында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зардабы туралы айтылды.

«2014 жылы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» қабылданғаны баршаңызға мәлім. Осы стратегияда қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген. Дамыған елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру барысында сыбайлас жемқорлықты рухани жағынан қабылдамауға мән беріледі. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптастырылуын барлық еңбек ұжымдарында жүргізіп отырған дұрыс», - деді филармония заңгері М.Төремұратұлы. 

Толығырақ...

ОРКЕСТРДІҢ ТҮРКИЯДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КОНЦЕРТІ АНШЛАГПЕН ӨТТІ

9924Түркияның Кастамону қаласындағы түркі тілдес халықтарының өнер фестивалінде Тұрмағамбет халық аспаптар оркестрінің концерті аншлагпен өтті. Концерттік бағдарламаны тамашалаған көпшілік қошеметін білдірді.

Концертте қазақ халқының әндері, Әлшекей, Құрманғазы, Қорқыттың күйлері және әлемдік, қазақстандық композиторлардың шығармалары орындалды. 

        Сонымен қатар, оркестрмен бірге Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Түркия мемлекеттерінің өнерпаздары да өнер көрсетті.

     Естеріңізге сала кетсек, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының ұйымдастыруымен шара 1-10 маусым аралығында Түркия мемлекетінде өтуде. Фестиваль аясында оркестр ұжымы Анкара, Ақсарай және Болу қалаларында өнер көрсетеді.

ТҮРКИЯДА ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

Turk     Тұрмағамбет халық аспаптар оркестрінің өнерпаздары Түркия мемлекетінде түркі тілдес халықтарының өнер фестиваліне қатысады. Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының ұйымдастыруымен шара 1-10 маусым аралығында Кастамону, Анкара, Ақсарай, Болу қалаларында өтеді.

Тұрмағамбет атындағы оркестрдің концерттік бағдарламасы көрермендерге түрлі жанрдағы шығармаларды ұсынады. Оркестр музыканттары қазақ халқының әндері, Әлшекей, Құрманғазы, Қорқыттың күйлері және әлемдік, қазақстандық композиторлардың шығармалары мен Сыр термелерін орындайды.

Сонымен қатар, оркестрдің сүйемелдеуімен Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Түркия мемлекеттерінің өнерпаздары да өнер көрсететін болады.

«Алыс және жақын шетелдердің сахнасында өнер көрсету арқылы Сыр елінің орындаушылары ұлттық өнердің дамуына және насихатталуына өз үлесін қосып келеді», – дейді облыстық филармония директоры Талғат Мақашов.

Айта кету керек, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі Сыр сүлейі, атақты шайыр Тұрмағамбет Ізтілеуұлының 125 жылдық мерейтойы қарсаңында 2007 жылы құрылды.

Бүгінде оркестр құрамында 60-қа жуық музыкант бар. Ұжыммен тәжірибелі 2 дирижер, оркестрдің жетекшісі «Құрмет» орденінің иегері Кеулімжай Ботабаев және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Күлдары Избанова жұмыс жасайды. Көркемдік жетекшісі Самат Абылаев.

Оркестр репертуарына 400-ге жуық шығарма қамтыған. Ұлтымыздың дәулескер күйшілері Қорқыт, Құрманғазы, Дина, жергілікті Қазанғап, Шал Мырза, Бекпембет, Әлшекей, Жалдыбай сынды  дала композиторларынан бөлек, қазақ ұлттық әндері мен әлемдік классикалық және Қазақстан композиторларының туындылары оркестр репертуарының негізін құрайды.  

Оркестр өзінің ерекше орындаушылығы арқасында үлкен қошеметке ие.

JSN Nuru template designed by JoomlaShine.com