Облыстық симфония оркестрі

2023 жылы Қызылорда облысының 85 жылдығына орай аймақ басшысының тікелей қолдауымен облыста тұңғыш рет облыстық филармония жанынан симфония оркестрі құрылды.
Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Мүсілім Әмзе.
Оркестр құрамына ішекті, үрмелі және ұрмалы аспаптар бойынша 30 кәсіби музыканттар қабылданып, ұжым 50 ден аса мамандардан жасақталды (бұрынғы камералық оркестрді қосу арқылы).