«Тұран» триосы

Трио мүшелері Алмас Өтеуов, Ердос Әбдіразақов, Қанат Заитов 2006 жылы облыстық филармонияға жұмысқа қабылданып, «Тұран» триосын құрған. 2016 жылы Ердос Әбдіразақов орнына трио құрамы Алмас Қожахметовпен қабылданды.

2006  жылы өткен халықаралық Түркі тілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» музыкалық-фольклорлық фестивалі барысындағы мерекелік бағдарламаға «Тұран» деген атпен шығып, өнердегі сапарын бастады.

Облыс көрермендерінің көзайымына айналған «Тұран»  триосының жалпы репертуарында  100-дан астам әндері бар. Оның 30 авторлық құқықтары қорғалған жеке әндері. «Тұран» вокалды триосы Сыр елінің эстрада жанрының дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан, болашағынан үлкен үміт күттіретін топ. Облыс жұртшылығын орындау шеберлігімен, ерекше репертуарымен баурайды. Облыс көлемінде ұйымдастырылған мәдени көпшілік іс-шараларға қатысу көрсеткіші жоғары.

2007жылыАрал,Қазалы,Байқоңыр,Қармақшы,Жалағаш,Сырдария,Шиелі,Жаңақорған аудандарында  өнер көрсету арқылы халық арасында топ есімі кең қанат жая бастады.

2008 жылы -Ақтау,Атырау қаласы және қарасты елді мекендерде жеке концерттік бағдарласымен халыққа өнер көрсетті.

2009 жылы - Ақтөбе қаласы және қарасты елді мекендерде гастрольдік сапарда болды.

2009 жылы - Өскемен қаласындағы Қызылорда облысының өнер күндері аясында өнер көрсетті.

2010 жылы - Байқоңыр қаласының құрылғаны 65-жыл толуына орай Байқоңыр қаласында гала концертте өнер көрсетті.     

2010 жылы алғашқы бейне клипін «Арайлым» әніне түсірді.

2011 жылы  «Туған елім-Тұран далам»атты алғаш жеке концертін берді.

2011 жылы – Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында «Орынбор-Ақмешіт-Алматы-Астана» өнер керуенінің Қазақстан астаналарына гастрольдік сапары және «20 жұлдызды күн» атты мерекелік іс-шаралар шеруінде өнер көрсетті.

2012 жылы – 15-16 қараша күндері Астана қаласында «Сұлу Сырдан сазды әлем» атты концерт берді. («Шабыт» концерт залында және Л.Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде).

2013 жылы – Қарағанды қаласындағы Қызылорда облысының өнер күндері аясында өнер көрсетті.

2014 жылы Өзбекстан мемлекетінің Ташкент қаласында Ғ.Дауылбаеваның «Арманым» атты әні бейне баян түсірді.

2014 жылы – Астана, Ақтөбе, Шымкент қалаларында өткен Қызылорда облысының мәдениет және өнер күндері аясында өткен концерттерде өнер көрсетті.

2014 жылы  Байқоңыр қаласының құрылғаны 70-жыл толуына орай Байқоңыр қаласында гала концертте өнер көрсетті.

2014 жылы – Әйтеке бидің 370 жылдығына орай Өзбекстан мемлекетінің Ташкент, Шыршық қалаларында «Сыр алаштың анасы» атты концертімен гастрольдік сапарда болды.

2015 жылы – Қазақ Хандығының 550 жылдығына орай Астана, Тараз қалаларында гастрольдік сапарда болды.

2016 жылы Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионда  «Сүйемін – Ерекше»атты 10 жылдық жеке концертмен халыққа өнер көрсетті.

2016 жылы – Ақтөбе,Орынбор,Орал,Тараз,Шымкент қалаларында гастрольдік сапарда болды.

2016 жылы -Өзбекстан мемлекетінің Ташкент, Шыршық, Достық, Гагарин,Науаи  қалаларында  гастрольдік сапарда болды.

2017 жылы – «Жібегім» атты әнге бейнебаян түсірді.

2017 жылы «ЭКСПО 2017» Халықаралық көрмесі аясында өткізілген Қызылорда облысының мәдениеті күндерінде жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін облыс әкімі Қ.Көшербаевтің алғысымен марапатталды.

Топ мүшелері 2018 жылы «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «Мәдениет майталманы» медалімен марапатталды.

2019 жылы Н.Бекежанов театрында «Сырдың елі тұмарым» атты жеке шығармашылық концертін берді.

2020 жылы «Бір біргеміз» жалпыұлттық акциясы аясында «Nur Otan» партиясымен бірге халыққа қолдау көрсетуге волонтер ретінде белсене атсалысқаны үшін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Алғысымен марапатталды.

2021 жылы Қорқыт ата университетінің үздік түлектері төс белгісімен марапатталды.

2021 жылы ҚР Тәуелсізідігінің 30 жылдығы аясында онлайн концертін берді.

2022 жылы «Тұлпар мініп ту алған» жалпыұлттық эстафетасы мен Астанадан Түркістанға дейін жалғасқан «Ұлы Дала жорығы» атты аламан бәйгеде өнер көрсетті.

2023 жылы Халықпен «Жылы жүздесу» атты жеке шығармашылық концертін берді.

2024 жылы Алматы қаласында өткен «Сұлу Сырдан – Ару Алматыға» атты Қызылорда облысының мәдениет және өнер күндері жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін облыс әкімі Н.Нәлібаевтың алғысымен марапатталды.