МУЗЫКА ТОЛҚЫНЫНДА
Дауыспен тыңдау
Күні: 9 Февраль
Жылы: 2025
Уақыты: 18:00

МУЗЫКА КЕШІ ШАҚЫРАДЫ! 

Сіздерді "Сыр самалы" вокалды аспапты ансамблінің 15 жылдық мерейтойы қарсаңында өтетін ансамбльдің негізін қалаушылардың бірі әрі бірегейі, музыкант, композитор Кенжебай Елденбаевтың шығармашылығына арналған концертке шақырамыз!

Кеште Кенжебай Елденбаевтың төл шығармаларымен қатар, танымал джаз-рок өкілдері "Queen"," The Beatles", "Pink Floyd" және Н.Носкова ("Парк Горького"), "Lady Gaga"-ның танымал шығармалары жанды дауыста орындалады.
Кеште өнер көрсететіндер: 
Облыстық филармония солистері, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Аружан Төреғали мен Айсұлу Әбді; Хор ұжымы; String Quarted