
1996 жылы 18 қаңтарда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,Лахалы ауылында дүниеге келді.
2002 жылы № 93 орта мектептің 1 сыныбына қабылданып, 2011 жылы 9 сыныпты қызыл куәлікпен бітірді.
Кішкентай кезімнен әнге құмар болып, алғаш рет алты жасында ауылдық клубта өткен «Бүлдіршін Ару» байқауына қатысып, «Бас жүлде» иеленді. Аудандық Х- «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауына қатысып, облысқа жолдама алдым, облыстық іріктеуден де өтіп, 2008 жылы Алматы қаласында өткен Халықаралық «Х-Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауынан III орын иеленді.
2010 жылы Болгарияның Тутракан қаласында өткен Халықаралық «Речни ноты» балалар шығармашылығы байқауында I орын;
2010 жылы Тәжікстанда өткен «Донак» халықаралық балалар телевизиялық фестивалінде өте жақсы өнер көрсеткені үшін арнайы жүлдемен.
2011 жылы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің академиялық ән салу бөліміне Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Қаракөз Ақдаулетованың сыныбына қабылданды. Колледж қабырғасында да байқауларға қатысып: 2014 жылы Алматы қаласында өткен Республикалық Корей романстары байқауында дипломант (IV орын);
Қызылорда өңірлік Х - жастар Дельфийлік ойындарында II дәрежелі диплом.
Облыстық «Сырдың жас жұлдыздары» байқауынан III орын
Халықаралық «Жұбанов көктемі -2015» байқауынан дипломант атанды.
2015 жылы Қызылорда қаласы, Қазанғап атындағы музыкалық колледжді қызыл дипломмен бітіріп, осы жылы білімін жоғары деңгейде жетілдіру мақсатымен Астана қаласында, Қазақ Ұлттық Өнер Университетіне «Вокал өнері» мамандығына мемлекеттік грант негізінде оқуға түсіп, «Қазақстанның Еңбек сіңірген» әртісі, доцент Гүлнәр Хамзинаның сыныбын бітірді.
2019 жылдан бастап Қызылорда облыстық филармониясында әртіс қызметінде.