
Өнер орталығында Әзірбайжан классигі Узейір Гаджыбековтың «Аршын мал алан» комедиялық опереттасының премьерасы өтті. «Аршын мал алан» комедиялық опереттасы Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен Сыр елінде тұңғыш рет сахналанып отыр. Музыкалық комедиялық опереттаның премьерасына Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қазбекова Мира Жомартқызы, зиялы қауым және рухани саланың өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Көрерменге бұрыннан таныс болса да, Сыр топырағында алғаш рет сахналанған мюзиклде сол замандағы қоғамдағы теңсіздік, бай-кедей арасындағы таптық айырмашылық пен махаббат иірімдері сынды өзекті мәселелер комедиялық жанрда көрініс тапқан. Бауырлас елдің танымал шығармасында ең ұлы махаббат сезімінің материалдық құндылықтан биік екендігі насихатталып, тамашалауға келген жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді. Әзірбайжан халқының әйгілі опереттасын «Кездеме сататын малшы» деп аударып, қазақша сөйлеткен көрнекті жазушы Қалтай Мұхамеджанов.
Оперетта облыстық симфония оркестрінің сүйемелдеуімен өтті. Музыкалық қойылым соңында өнер иелеріне аймақ басшысының ықылас гүлі табысталды.