СЫР ЕЛІНДЕ АЙМАН МҰСАҚОЖАЕВАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНЦЕРТІ ӨТТІ
2024-12-12

Сыр елінде Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Айман Мұсақожаеваның шығармашылық концерті өтті. 

Шығармашылық кеште Әлем әртісі облыстық симфония оркестрімен бірге әлемнің ұлы композиторлары — Арам Хачатурян, Камиль Сен-Санс, Пабло де Сарасате, Мануэль де Фалья және Астор Пьяцолланың туындыларын орындады. Оркестр дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Мүсілім Әмзе. Музыкалық мәртебелі кешке Қазақстан Республикасы Үкіметі басшысының орынбасары Тамара Қасымқызы Дүйсенова, Үкімет мүшелері, «Аманат» партиясының өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, еліміздің өзге де  өңірлерінен облыс әкімінің орынбасарлары бастаған қонақтар, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев, зиялы қауым өкілдері арнайы қатысты. 

Кеш соңында ғасырымыздың аса талантты тұлғасы — Айман Қожабекқызы мен өнер ұжымына көрсетілген құрмет ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметі басшысының орынбасары Тамара Қасымқызының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Лұқпанұлы және Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлының атынан ықылас гүлдері табысталды.