БИСЕНБЕК ТӨЛЕУБАЕВ

0
266

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Бұхарбай ауылында 1985 жылы дүниеге келген. 2005 жылы Қазанғап атындағы музыкалық колледжін тәмәмдаған.  2008-2009 жылдары «Сегіз қырлы» атты тележобада жүлдегер атанған. 2012 жылы Астанада өткен «Өздерің білер Нартаймын» атты бәйгеде  арнайы жүлдегер, 2011 жылы Қызылорда қаласында өткен А.Тұяқбаев атындағы байқауда І орын, 2015 жылы «Жыр жүйрігі Жиенбай» атты байқауда ІІІ орын иегері атанады. Жамбыл облысында өткен халық ақыны К.Әзірбаев атындағы «ШЫРҚА, ДАУСЫМ!» атты республикалық әншілер конкурсынан және Атырау қаласында өткен «Əн-дария» атты республикалық дəстүрлі орындаушылардың байқауында ІІ орынды иеленді. Сыр сүлейі, жырау Тұрымбет Салқынбайұлының 150 жылдығына арналған «Талайды таңырқатқан жырау едім…» атты республикалық жыршы-жыраулар байқауында І орын иеленді. Қазіргі таңда Қызылорда облыстық филармониясының  әртісі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь