МАРАТ СҮГІРБАЙ

0
676

жыршы

Қызылорда облысының Қазалы ауданында 1990 жылы 16 қазанында дүниеге келген.

2008-2012 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінде «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасынан білім алды. 2009 жылы өткен облыстық «Жыр керуен» жыршы-термешілер байқауының, 2011 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында өткен республикалық «Кәнекей, тілім, сөйлеші» атты байқауының І орын иегері.

2009 жылғы «Сүлейлер сөзі-саф алтын» атты аймақтық жыршы-термешілер байқауының ІІІ орын иегері. 2010 жылы Арал ауданында өткен Нұртуған Кенжеғұлұлының 120 жылдығына арналған «Кәнекей, тілім, сөйлеші» атты жыршы-термешілер байқауының ІІІ орын, 2011 жылы Шиелі ауданында өткен «Әлмырзаның әндері-ай» атты облыстық дәстүрлі орындаушылар байқауының І орын иегері, 2012 жылы Шымкент қаласында өткен «Кәнекей, тілім, сөйлеші» атты дәстүрлі республикалық байқауының Бас жүлдегері.

    2012 жылы Шиелі ауданында өткен «Ән мен жырдың дүлдүлі – Нартай ақын» атты республикалық дәстүрлі орындаушылар байқауының арнайы жүлдесіне ие болды. 2012 жылдың қыркүйегінен бастап Қызылорда облыстық филармониясында жұмыс атқарады. 

2009 жылы өткен облыстық «Жыр керуен» жыршы-термешілер байқауының, 2011 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында өткен республикалық «Кәнекей, тілім, сөйлеші» атты байқауының І орын иегері.

2009 жылғы «Сүлейлер сөзі – саф алтын» атты аймақтық жыршы-термешілер байқауының ІІІ орын иегері.

2010 жылы Арал ауданында өткен Нұртуған Кенжеғұлұлының 120 жылдығына арналған «Кәнекей, тілім, сөйлеші» атты жыршы-термешілер байқауының ІІІ орын.

 2011 жылы Шиелі ауданында өткен «Әлмырзаның әндері-ай» атты облыстық дәстүрлі орындаушылар байқауының І орын иегері.

 2012 жылы Шымкент қаласында өткен «Кәнекей, тілім, сөйлеші» атты дәстүрлі республикалық байқауының Бас жүлдегері.

2012 жылы Шиелі ауданында өткен «Ән мен жырдың дүлдүлі – Нартай ақын» атты республикалық дәстүрлі орындаушылар байқауының арнайы жүлдесі.

2016 жылы Тараз қаласында өткен республикалық Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы Жамбыл» атты жыршы-термешілер байқауының ІІІ орын иегері.

2016 жылы Ақтөбе облысында өткен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Ә.Кердерінің 155 жылдығына арналған «Тамырларым — тереңде, бұтақтарым — биікте» атты республикалық жыршы-термешілер байқауының бас жүлде иегері атанды.

2017 жылы 28 қазан күні Текей Қарпықұлының 350 жылдығына орай өткен республикалық жыраулар сайысының І орын иегері.Сонымен қатар осы жылы Жезқазған қаласында өткен «Текті сөздің төресі-терме» атты республикалық байқаудан ІІ орын  иеленді.

2018 жылы Қабыл Иса атындағы «Жыр атасы Қабан жырау» атты І республикалық жыршылар конкурсында ІІ орынды иеленді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь