РУСЛАН АХМЕТОВ

0
928

оркестр солисі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің және «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері

1977 жылы 23 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Мемлекеттік университетінің «Халық әні» кафедрасының түлегі. Халықаралық, республикалық «Ғасырлар үні» жыраулар конкурсының (2001, 2003, 2006 ж.ж.), халықаралық «Шабыт» жастар шығармашылығы өнер фестивалінің лауреаты. 2000 жылы Түрік елінде өткен халықаралық жастар фестивалінде ҚМУ-дың «Дидар» этнографіиялық-фольклорлық ансамблінің құрамында өнер сапарында болды. 2003 жылы Ақтау қаласында өткен республикалық жыршы-жыраулар конкурсының ІІ орын иегері.  Ол республикалық «Керулен» этнографиялық-фольклорлық ансамблінің құрамымен  бірнеше шетелдерде гастрольдік сапарларда болып өнер көрсетіп қайтты.    

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Астана қаласындағы облыстардың біріккен мерекелік концертінде Тұрмағамбет оркестрімен өнер көрсетіп, Елбасынан жоғары баға алды. 

Жыршының орындауындағы жыр-дастандары 2001, 2003, 2004 жылдары  «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Ауылдың алтыауызы», «Сыр сүлейлері» атты бағдарламаларына түсіріліп, жазып алынды. 

2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай мерекелік медальмен марапатталып, ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері атанды. 2014 жылы ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» медалімен марапатталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь