ШЫНБЕРГЕН ТІЛЕУЛЕСОВ

0
1044

әнші, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері

      Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, «Лахалы» елді-мекенінде 1958 жылы 10 сәуірде дүниеге келген. 1975 жылы Қазалы қаласындағы №17 Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепті бітіріп, туған ауылында қарапайым жұмысшы болып қызмет атқарған. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Ән салу» факультетін бітірген.

   1977 жылы Мәдениет басқармасының жолдамасымен Алматыдағы республикалық эстрада–цирк өнер студиясына түсіп, оны 1979 жылы Жүсіпбек Елебеков класынан бітіріп шығады. Осы жылы Мәдениет министрлігінің жолдамасымен Қызылорда облыстық филармониясына әнші болып қызметке тұрады. Көптеген облыстық, республикалық мәдени іс- шараларға үзбей араласып келеді. Репертуарында көптеген халық әндері мен халық сазгерлерінің әндері бар. Домбырамен төгілте ән салудың асқан шебері. Ш.Тілеулесовтің өнер сүйер қауымға білімді де білікті, іскер мәдениет қызметкері ретінде танылуы, оның адал да таза еңбегінің нәтижесі. 

   2000 жылы өткен мәдениет және өнер қызметкерлерінің облыстық съезінде жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің «Құрмет Грамотасымен» марапатталса, осы жылы ҚР Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесіне орай 2011 жылы «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» мерекелік медаліне ие болды. Отбасында төрт бала тәрбиелеп отырған ардақты әке.

2018 жылы «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь