ЗУЛЬФИЯ БАЙМУРЗАЕВА

0
1122

жыршы

Баймурзаева Зульфия Ғабитқызы 1990 жылдың 2 тамызында Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылында дүниеге келді. 1997 жылы №129 Ә.Жәмішев атындағы қазақ орта мектебінің табалдырығын аттап, 2008 жылы тәмәмдады. Жыршылық өнерге алғаш баулыған ұстазы Майра Сәрсенбаева. 2008 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы Халық ән бөліміне оқуға қабылданды. Екі жылдық дайындық бөлімінде Айгүл Қосанова ұстаздан Батыс ән мектебінен тәлім алып, негізгі мектепті Сыр өңірінің белгілі жыршысы, филология ғылымдарының кандидаты Байбосынова Ұлжан Мәлікайдарқызынан Сыр бойы жыраулық мектебін аяқтайды. 2017 жылдың ақпан айынан бастапҚызылорда облыстық филармониясында қызмет атқарады.

Жетістіктері

2006 жылы Атырау қаласында өткен Шернияз Жарылғасұлының 200 жылдығына арналған Республикалық «Жырымның күміс шаптым қияғына» атты жыршы-термешілер сайысынан жүлделі 3-орын;

2007 жылы Орал қаласында өткен Қаламқас Орашеваның 55-жылдық мерейтойына арналған «Көмейінде күміс жыр» атты 2-ші республикалықбайқауында жүлделі 2-орын.

2007 жылы Маңғыстау қаласында өткен Халықаралық әнші-жыршылар байқауында 1-орын.

2011 жылы Атырау қаласында өткен 7-ші республикалық «Дельфийлік ойындары» байқауында 1-орын. 

2013 жылы Қызылорда облысында өткен Тұрмағанбет Ізтілеу атындағы жыршылар байқауында 2-орын.

2013 жылы Алматы қаласында өткен қалалық «Күміс көмей, жезтаңдай» байқауында 2-орын.

2015 жылы Қызылорда облысында өткен «Өздерің білер Нартаймын» атты Нартай Бекежанов атындағы әнші-жыршылар байқауында 2-орын. 

2016 жылғы Халықаралық ІV «Ұлы дала дауысы» телерадио фестивальінің бас жүлдегері.

2016 жылы Алматы қаласы әкімдігі, Талдықорған қаласында, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген «Тариxқа тағзым» атты республикалық жыршы, термішілер байқауында 2-орын.

2016 жылы Алматы қаласында өткен республикалық «Текті сөздің төресі – терме» атты жыршы термешілер байқауында 3-орын.

2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Астана қаласы әкімінің алғыс xатымен марапатталған.

2018 жылы Орал қаласында өткен «Көмейінде күміс жыр» атты Қ.Орашева атындағы жыр-дастан орындаушыларының республикалық байқауында жүлделі І орынды иеленді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь