Сағымбаева Ақсамал Кемалбекқызы

0
28

Қызылорда қаласында дүниеге келген.1999 жылы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжін  қызыл дипломмен бітіріп, сол жылы Қорқыт Ата  атындағы Қызылорда  Мемлекеттік Университетінің «дизайн» мамандығының грант иегері атанып, оқуға түсті. Оны 2003 жылы қызыл дипломмен тәмамдап, «дизайнер» біліктілігін алды.

«Құрылыс, архитектура және дизайн» мамандығы бойынша жоғары оқу орындарын бітіруші түлектердің дипломдық еңбектерінен өткен II–Халықаралық байқау-конкурсынан  III–дәрежелі дипломға ие болып, марапатталды. Оқуды бітіргеннен кейін осы университеттің колледжіне «дизайнер-суретші» қызметіне қалдырылды. Сонымен қатар университет пен колледждің қоғамдық жұмыстарына белсене ат салысып, үнемі  облыстық, қалалық, университет іс–шарасының жүргізушісі қызметін атқарып, ұйымдастырушылықпен айналысты және университет ректоры, «Нұр Отан» ХДП-ның тарапынан түрлі алғыс хаттарға ие болды. Университет қабырғасында 2003-2009 жылдар аралығында қызмет атқарды. 2008 жылы Алматы қаласында өткен Қызылорда күндерін жүргізді.

2009 жылдың қыркүйек айынан 2014 жылдың желтоқсан айына дейінгі аралықта Қызылорда облыстық филармониясында әртіс және  «конферансье» қызметін атқарды. Барлық ауыл, аудан, қала, облыс және республикалық көлемде өткен мерекелік іс-шараларды, концерттік бағдарламаларды, кездесу, шығармашылық кештерін өз мәнінде жүргізіп келеді. Түрлі қалалар мен облыстарда, шет елдерде гастрольдік сапарда болған.

Сонымен бірге, «Ошаған» әзіл-сықақ отауында түрлі бейнелерді сомдаған. 2012 жылы Ақтөбе қаласында өткен «Айтқыштар Ақтөбеде» атты Республикалық әзіл-сықақ  байқауында Қомшабай Сүйініштің әңгімесінің  ізімен жазылып, Серік Төлеповтың сахнаға өңдеген «Тегін нянька» әзіл-сықағында әйел бейнесін сомдап, «Ошаған» әзіл-сықақ отауы 1-орынға ие болып, лауреат атанды.

 2015 жылдың қаңтар айынан қазан айына дейінгі аралықта «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту»  бөліміне қарасты «Қалалық мәдениет Үйі, клубтары және халықтық ұжымдар» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының көркемдік жетекшісі қызметін атқарды.

2015 жылдың қараша айынан бастап Қызылорда облыстық филармониясына «бас менеджер» болып қабылданып, 2016 жылдың желтоқсан айына дейін қызмет атқарды. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап, қараша айына дейін А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінің жанынан құрылған «Мереке-думан» әзіл-сықақ отауының көркемдік жетекшісі қызметін атқарды.

2016 жылы “Ақмешіт” гуманитарлық-техникалық институтынының “Мәдени-тынығу жұмысы” мамандығына түсіп, 2018 жылы “Мәдени қызмет көрсету саласының бакалавры” біліктілік дәрежесін алды.

2017 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облыстық филармониясында конфереансье қызметінде еңбек етіп келеді.

2018 жылы Қызылорда облысы әкімі орынбасарының, 2019 жылы Қызылорда облыстық филармониясы директорының алғысымен марапатталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь