«АҚМЕШІТ» ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБЛІ

0
173

«Ақмешіт» фольклорлық ансамблі – Сыр бойының төлтума өнерін, ұлттық фольклорын насихаттау мақсатында 2009 жылы облыстық филармония жанынан құрылды. Қазіргі таңда ансамбльдің құрамында 12 кәсіби маман жұмыс жасайды. Ансамбльге халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, баяншы Нұрбай Нұрғиса жетекшілік етеді. Ансамбль репертуарындағы қазақ композиторларының күйлері мен халық әндері жаңаша өңдеумен көрермендер назарына ұсынылып жүр. Репертуарында 100-ден астам шығармалар бар.Ансамбль облыс көлемінде өткізілетін облыстық, республикалық, халықаралық мәдени шараларға белсене ат салысып отырады. Сонымен бірге түрлі байқау, конкурстарға қатысып, кәсіби деңгейлерін, шеберліктерін шыңдап, үнемі шығармашылық ізденіспен жүреді. 2011 жылы Алматы қаласында өткен Республикалық «Ғасырлар сазы» дәстүрлі музыкалық фестивалінде дипломант атанса, осы жылы Қызылорда қаласында өткен халықаралық «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты фольклорлық-музыкалық өнер фестивалі аясындағы бағдарламаларда өнер көрсетіп, Халықаралық «ТҮРІКСОЙ» бірлестігі мен облыс әкімінің арнайы сертификатына ие болды.

Елбасының Сыр еліндегі іс-сапарында облысымыздың өнерін паш ету мақсатында жоғары деңгейде көрсеткен ізденімпаздықтары үшін облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Астана, Атырау, Ақтөбе, Орал қалаларында гастрольдік сапарда болып Сыр елінің төл өнерінің шоқтығын танытты. Ансамбль мүшелері облыстық филармонияның 40 жылдығына арналған естелік медальмен марапатталды.

2014-2015  жылдары  наурыз айында Түркияда өткен Түркі  тілдес  елдердің  Ұлыстың Ұлы күні  Наурыз мерекесін тойлауға арналған өнер фестивалінде Сыр елі өнерін насихаттау мақсатында өнер көрсетіп, Түрксой халықаралық ұйымының арнайы дипломымен марапатталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь