Камералық оркестр

0
1040

Қызылорда облысы әкімінің 2014 жылға арналған іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру жөніндегі жоспары бойынша Сыр елі мәдениеті тарихында тұңғыш рет Қызылорда облыстық филармониясы жанынан камералық оркестр құрылды.

Оркестр дирижёрлері – халықаралық дирижерлар байқауының лауреаттары Руслан Балмасов және Рустам Рысмағамбетов. Көркемдік жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Анар Жаңбырбаева. Солистері  Ж.Жүсіпов, М.Мақұлбеков, А.Иманжаппаров.

Оркестр 2016 жылы Алатау баурайында өткен «Әуен Fest» камералық оркестрлердің республикалық фестиваль-конкурсынан жүлделі III-орын иегері. Фестивальдің «Үздік орындаушы» номинациясымен оркестр әртісі (фагот) Марлен Баймбетов марапатталды.

2019 жылы Қазақ­стан­ның халық әртісі Ж.Әбдірашовты еске алуға арналған республикалық камералық оркестрлер фестиваліне қатысып лауреат атанды.

2019 жылы 23-24 қыркүйек күні Алматы қаласында өткен «ӘУЕН FEST» қазақ камералық музыка фестивалінде ІІІ орын иеленді.

2019 жылдың 16-27 ақпан аралығында Түріксой Халықаралық ұйымының шақыртуымен Босния-Герцеговина, Сербия, Венгрия мемлекеттерінде өтетін Түркі тілдес елдердің өнерпаздарының классикалық камералық оркестрлердің фестивалінде өнер көрсетіп қайтты. Концертте оркестр Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, скрипкашы, профессор, композитор Анвар Акбаров пен түркиялық дирижер Севаль Кадыоглуның дирижерлауымен қазақ және әлемдік композиторлардың шығармаларын орындады. Сонымен қатар, ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енген Қорқыт атаның мұрасы қылқобызда Тұрмағамбет халық аспаптар оркестрінің әртісі А.Бегімсалова Қ.Шілдебаевтың шығармасы «Каракемерді» оркестрдің сүйемелдеуімен орындады. Бурса қаласындағы Ататүрк Мәдениет Орталығында алғашқы концертін берді. 19 ақпан күні Сараево қаласындағы Босния-Герцеговинаның ұлттық және университеттік кітапханасында (Vijećnica) екінші концертін өткізді.  Оркестрдің өнер сапары 22 ақпан күні Сербия Мемлекетінің Нови-Сад қаласында, 24 ақпан күні Будапешт қаласында жалғасты.

Камералық ор­кестрге М.Өскінбаев атын­дағы Маңғыстау облыс­тық филар­мо­ниясының ­симфо­ния­­лық ор­кестрінің көркемдік жетек­шісі және бас дирижері, ха­лық­­­аралық, республикалық кон­­­курстардың лауреаты Ә.Бес­тенбеков және Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, скрипкашы, профессор, композитор Анвар Акбаровтың шеберлік дәрістері ұйымдастырылды. 

Қазіргі уақытта ұжым репертуарында 200-ден астам шығарма бар, оркестр құрамында 18 жоғары дәрежедегі білікті мамандар қызмет атқарады. 

Оркестр 2020 жылы Сыр елінде алғаш рет қойылған А.Жұбанов және Л.Хамидидің «Абай» операсын сүйемелдеп, аймақ басшысының алғысын алды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь