«Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблі

0
125

«Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблі 2020 жылы облыс әкімі Қ.Ысқақовтың Қорқыт мұраларын насихаттауға  арналған  5 жылдық кешенді іс-шаралар жоспары  аясында құрылды.

Ансамбльдің ашылуы жөнінде облыстық филармония директорының  бұйрығына сәйкес ансамбль құрамы жасақталды. Ол үшін әлеуметтік желідегі облыстық филармония парақшалары және  жергілікті телеарналардан кастинг жарияланып, көркемдік кеңестің тыңдауы өткізілді. Көркемдік кеңестің шешімімен 03.02.2020 жылдан бастап 17 штаттық бірлікте – 15 әртіс, 1 көркемдік жетекші, 0,5 ш.б концертмейстер, 0,5 ш.б кітапханашы жұмысқа қабылданды. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі қызметіне «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері,  қобызшы Пұсырманова Салтанат Сухамберліқызы бекітілді.

          Ансамбльдің материалдық-техникалық базасын нығайтуға  жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, концерттік киімдер мен  музыкалық аспаптар алынды.

Пұсырманова Салтанат ханымды және «Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблін «Super World Talent 2020» халықаралық фестиваліндегі жүлделі орын алды.

«Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблі үстіміздегі жылдың 2020 жылдың 19 қыркүйек күні Украина мемлекетінің Днепр қаласында онлайн түрде өткен «Яскраві таланти осені» («Яркие таланты осени) халықаралық фестиваліне белгілі композитор, қобызшы Әлқуат Қазақбаевтың «Қойлыбайдың қобызы» атты шығармасымен қатысып «Гран-при» жүлдесін иеленді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь