«СЫР САМАЛЫ» ВОКАЛДЫ АСПАПТЫ АНСАМБЛІ

0
201

Ансамбльдің негізін Сыр еліне белгілі музыкант, сазгер, әнші Ғалымжан Елубаев қалады. Алғашқы рет ансамбль Қызылорда халқына «Такси-Джаз» атымен танылды. 2009 жылы ансамбль құрамы жас өнерпаздармен толықтырылып филармония жанынан «Сыр самалы» вокалды аспапты ансамблі болып қайта ашылды. Алғашқыда біршама қиындықтар болғанымен, ансамбльдің негізгі құрамындағы белді кәсіби музыканттар мен өнерлі жастар жігерін жани отырып, ол сындардан да өтті.  2015 жылдың ақпан айында вокалды аспапты ансамбль мен үрлемелі аспаптар ансамблі біріктірілді. Құрамында 13 штаттық бірлікте 14 маман жұмыс жасайды. Жетекшісі  Әбдіхалық Мұстафаев.

Қазіргі уақытта репертуарында 100-ден астам шығармалар бар. Оның ішінде аспапқа арналған эстрадалық композициялар, джаз, джаз-рок бағытындағы шығармалар, Қазақстан композиторларының әндері мен шетелдік композициялар. 

Ансамбль 2009 жылы Қызылорда қаласында өткен облыстық «Тұран әуендері» атты вокалды-аспапты ансамбльдер конкурсының лауреаты, 2011 жылдың қазан айында Ақтау қаласында өткен «Jazz Wave Aktau kz-2011» атты халықаралық фестивалінің «Каспий джемі» джаз музыка байқауының ІІ орын  иегері. 

Ансамбль  солистері  облыстық байқаулардың жеңімпазы  Ринат Үсенов, Дархан Жамантаев және Айдана Наукеева сынды жас әншілер. 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь