«ТҰРАН» ТРИОСЫ

0
436

Трио мүшелері  А.Өтеуов, Қ.Заитов, А.Қожахметов. «Тұран» триосы  2006 жылы облыстық филармония  жанынан құрылып, облыс көрермендерінің көзайымына айналып отыр. 2006  жылы өткен халықаралық Түркі тілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» музыкалық-фольклорлық фестивалі барысындағы мерекелік бағдарламаға «Тұран» деген атпен шығып, өнердегі сапарын бастады.Репертуарларында эстрадаға бейімделген халық әндері, Қазақстан композиторларының әндері бар.  «Тұранның» облыс көлемінде ұйымдастырылған мәдени көпшілік іс-шараларға қатысу көрсеткіші жоғары. Өйткені, олар тыңдармандарын орындау шеберлігімен, ерекше таңдалған репертуар байлығымен баурайды.

        2010 жылы топ «Арайлым» әніне алғашқы бейнебаянын түсірді. Облыстық филармонияның 40 жылдығына арнап Қазақстан эстрадасының жұлдызы Ж.Жексенұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі К.Қалымбетова және «Мереке» вокалды-аспапты ансамблінің қатысуымен «Туған елім –Тұран далам» деген айдармен жеке концертін қала жұртшылығының назарына ұсынды.  2016 жылы бастап тұрандықтардың құрамы өзгеріп, топтың жаңа мүшесі әнші А.Қожахметов болды.  Топ мүшелерінің барлығы да  кәсіби мамандар. Сонымен қатар осы жылы Ғ.Мұратбаев атындағы стадионда 10 жылдықтарына орай «Сүйемін ерекше» атты жеке концерттерін жоғары деңгейде өткізді.

         2017 жылы  «ЭКСПО 2017» Халықаралық көрмесі аясында өткізілген Қызылорда облысының мәдениеті күндерінде жоғары деңгейде өнер көрсетті. Қазақстанның бүкіл қалаларымен Өзбекстан Республикасында, Ресей Федерациясында өз өнерлерін көрсетті.

2017 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласында өткен «Әні әдемі Әлмырза» атты Ә. Ноғайбаевтың 70 жасқа толуына арналған шығармашылық кеште өнер көрсетті.

2018 жылы «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «Мәдениет майталманы» медалімен марапатталды.

2020 жылы «Бір біргеміз» жалпыұлттық акциясы аясында «Nur Otan» партиясымен бірге халыққа қолдау көрсетуге волонтер ретінде белсене атсалысқаны үшін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Алғысымен марапатталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь