Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі

0
1842

Мәдениетіміз бен өнеріміз өркенін жайып, рухани құндылықтарымыз қайта дәріптеліп жатқан тұста өнерді одан әрі өрістету, халық мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында 2007 жылы сол кездегі облыс әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қолдауымен жаңа кәсіби өнер ұжымы Тұрмағамбет атындағы  халық аспаптары оркестрі құрылды. Сыр сүлейі, атақты шайыр Тұрмағамбет Ізтілеуұлының 125 жылдық мерейтойы қарсаңында құрылған оркестрге шайырдың аты берілді. Оркестрдің негізгі құрамын Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы мен Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжін бітірген кәсіби білікті, музыка мамандары мен талантты өнер иелері құрайды. Оркестр репертуарында халық және Қазақстан композиторларының шығармалары, ән-күйлері, классикалық және Батыс Еуропа композиторларының, барлығы 300-ге жуық шығармалары бар. Сонымен қатар, репертуарларына Сыр елінің атақты күйші-композиторлары Қазанғап, Шал Мырза, Бекпембет, Әлшекей, Жалдыбай, Құрақтың Досжаны, Қаражанның Төлегенінің тың күйлері мен шығармалары және жергілікті күйші- сазгерлер Исламбек Ысқақов, Мұрат Сыдықов, Альберт Алмағамбетов, Төлепберген Тоқжановтың ән-күйлері мен шығармалары енгізілді. 2008 жылы Астана, Алматы қалаларында, 2009 жылы Астана қаласында өткен Қызылорда облысының мәдениеті мен өнер күндері аясындағы «Сыр – Алаштың анасы» атты бағдарламаның ашылу, жабылу салтанаттарында өнер көрсеткен Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі Астана жұртшылығының зор ықыласына бөленді. 2009 жылы Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен Қызылорда қаласының 190 жылдығына арналған «Сырдария саздары» атты халықтық ұлт-аспаптары оркестрлері мен ансамбльдердің облыстық фестиваліне қатысып, оркестр дипломмен марапатталды. 2010 жылы Ақтөбе қаласында өткен халықаралық «Жұбанов көктемі – 2010» халық аспаптары оркестрлері және ансамбльдер фестиваліне қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленіп лауреат атанып, өзіндік стильдік ерекшелігімен, кәсіби орындаушылық шеберлігімен облыстың мәдени өміріне белсене араласып, тыңдарман қауымның ыстық ықыласына бөленуде.

2011 жылы – Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында «Орынбор-Ақмешіт-Алматы-Астана» өнер керуенінің Қазақстан астаналарына гастрольдік сапары және «20 жұлдызды күн» атты мерекелік іс-шаралар шеруінде өнер көрсетті.

2012 жылы – 15-16 қараша күндері Астана қаласында «Сұлу Сырдан сазды әлем» атты концерт берді. («Шабыт» концерт залында және Л.Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде).

2013 жылы – Қарағанды қаласындағы Қызылорда облысының өнер күндері аясында өнер көрсетті.

2014 жылы – Астана, Ақтөбе  қалаларында өткен Қызылорда облысының мәдениет және өнер күндері аясында өткен концерттерде өнер көрсетті.

2014 жылы – Әйтеке бидің 370 жылдығына орай Өзбекстан мемлекетінің Ташкент, Шыршық қалаларында «Сыр алаштың анасы» атты концертімен гастрольдік сапарда болды.

2015 жылы– Қазақ Хандығының 550 жылдығына орай Астана, Тараз қалаларында гастрольдік сапарда болды.

2016 жылы – Ақтөбе қаласындағы Қызылорда облысының өнер күндері аясында өнер көрсетті. 2016 жылы оркестр әртісі, қобызшы С.Пұсырманова 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталса, домбырашы Ә.Әбсадықов 21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 

2017 жылы – 12-14 сәуір аралығында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы достық қарым-қатынас пен мәдени ынтымақтастықты дамыту мақсатында таяу және алыс шетелдермен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылуының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған Қызылорда облысының Мәдениет күндері аясында Әзербайжан Республикасының Баку, Шеки қалаларында концерт берді.

2017 жылы «ЭКСПО 2017» Халықаралық көрмесі аясында өткізілген Қызылорда облысының мәдениеті күндерінде жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін облыс әкімі Қ.Көшербаевтің алғысымен марапатталды. Сонымен қатар 2017 жылдың 12-14 сәуір күндері Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы достық қарым – қатынаспен мәдени ынтымақтастықты дамыту мақсатында таяу және алыс шет елдермен дипломатиялық қарым – қатынастар орнатылуының 25 жылдығына орай Әзербайжан Республикасының Баку, Шеки қалаларында Сыр елінің  ғана емес Қазақстан Мемлекетінің төл өнерін насихаттап қайтты.

2018 жылы– 1-10 маусым аралығында «ТҮРІКСОЙ» Халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен Түркия мемлекетінің  Кастамону, Болу, Ақсарай, Анкара сынды тарихи қалаларында өткен түркі тілдес халықтарының өнер фестиваліне қатысты.

2018 жылы – қыркүйек айында Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай Атырау қаласында гастрольдік сапарда болып  халықаралық ұлт аспаптар оркестрлерінің фестиваліне қатысты.

2019 жылы – 14 тамыз күні Қазақстанның Өзбекстандағы жылы аясында Өзбекстанның Навои қаласында «Сырдария достық арнасы»атты концерт берді.

     


КЕУЛІМЖАЙ ШАЛТАҚБАЙҰЛЫ БОТАБАЕВ

Бас дирижер

Ботабаев Кеулімжай Шалтақбайұлы 1958 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1976 жылы А.Жұбанов атындағы Республикалық арнайы музыка  мектебін, 1981 Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваториясын виолончель класы бойынша бітірген. Консерваторияда профессор Д.К.Баспаевтан дәріс алған. Консерваторияда оқи жүріп 1979 жылы мемлекеттік симфониялық оркестрінде  қызмет еткен. Оркестр құрамында Ленинград, Мәскеу, Новгород, Баку, Ташкент қалаларында болды. Оқу орнын тәмәмдаған соң 1983 жылы Қызылорда музыкалық училищесіне жұмысқа орналаспды. Музыкалық училище жанындағы «Сыр сұлуы» ансамблімен Қазақ ССР-і делегациясы құрамында Йемен Республикасында, 1990 жылы Шиелі ауданының «Жас дәурен» ансамблі құрамында Португалия елінде, 2000 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы «Дидар» фольклорлық ансамблі құрамында Түркия елінде өнер көрсетті. 1986 жылы алғаш рет Қызылорда қаласында камералық оркестр құрып, 1993 жылы Павлодар қаласында өткен республикалық оркестр фестивалінде дипломант атағына ие болды. 1992 жылы Қарағанды облыстық филармониясы симфониялық оркестрінің шақыртуымен Санкт-Петербург, Мәскеу, Новгород қалаларында гастрольдік сапармен болып қайтты. 1992 жылы колледж студенттерінен жасақталған аспаптар оркестріне жетекшілік етті. 1996-1997 жылдары Алматы және Астана қалаларында өткен Қызылорда облысының мәдениеті мен өнері күндерінде Б.Кеулімжаев жетекшілік еткен камералық оркестр және халық аспаптар оркестрі күрделі концерттік бағдарламамен тыңдаушылардың ілтипатына бөленді. Осы шараларда көрсеткен еңбегі бағаланып, облыс әкімдігі және мәслихатының Құрмет грамоталарымен марапатталды. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, 1998 жылы «Астана» медалімен марапатталды. Ал, 1999 жылы облыс әкімінің шешімімен өз алдына бөлек оқу орны атанған Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің директоры қызметіне тағайындалды.  2005 жылы мәдениет саласындағы еңбегі үшін «Облыс өнер қамқоршысы» номинациясының иегері, 2007 жылы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2011 жылы Қазақстан Республикасының Композиторлар Одағының ұсынысымен «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталды. 2007 жылдан  Қызылорда облыстық филармониясы жанынан Тұрмағамбет халық аспаптар оркестрінің құрылуына ат салысып, дирижер  қызметін атқарып келеді.  Тұрмағамбет оркестрінің құрамында Алматы, Астана, Ақтөбе, Өскемен, және Орынбор, Ташкент қалаларында гастрольдік концертте өнер көрсетті.1976 жылы А.Жұбанов атындағы Республикалық арнаулы музыка мектебінде, 1981-86 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваториясынан білім алып, 1986 жылы камералық оркестр құрған. «Астана» медалінің иегері. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Композиторлар одағының ұсынысымен ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісіне ие болды. 2014 жылы Қызылорда облысы әкімінің степендианты. Осы уақытқа дейін Тұрмағамбет халық аспаптар оркестрімен Алматы, Астана, Өскемен, Ақтөбе, Орынбор қалаларында гастрольдік сапарда болып қайтты. Қазіргі таңда Қазанғап атындағы жоғары музыкалық колледжінің директоры.


ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь