НҰРГҮЛ ЖҮСІП

0
170

маман

Жүсіп Нұргүл  Өмірханқызы 1979 жылы 13 қарашада  Қызылорда  облысы, Жалағаш  ауданында дүниеге  келген. 1998-2002 жылдары Қорқыт  Ата  атындағы Қызылорда  мемлекеттік  университетінің  «Дәстүрлі өнер – жыр» мамандығын бітірген. 2003-2008 жыл  аралығында Жалағаш  ауданы, Ақсу  ауылындағы  №116 орта  мектепте  музыка үйірмесінің жетекшісі қызметін атқарған. 2008-2013 жылдары Жалағаш  аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі,  2013-2014  жылдары  М.Мәметова  атындағы  гуманитарлық  колледждің  «Өнер» бөлімінде  оқытушы  қызметін  атқарды. 2014 жылдың қаңтар айынан  бастап  Қызылорда  облыстық филармониясында  маман қызметін атқарады.

Жетістіктері:

2003- 2007  жылдары  аралығында  білім  қызметкерлері  арасында  өткізілген  аудандық, облыстық  «Наурыз  шапағаты» фестивальінің  лауреаты.

2008 жылы  Қызылорда  қаласында  өткізілген  Т.Жүргенов  атындағы  «Ән  қанатында» атты  Республикалық  дәстүрлі  әншілер  фестивальінің  лауреаты.

2009 жылы  Дүр  Оңғар  атындағы  Республикалық  жыршы- термешілер  фестивальінің,2009 жылы  өткен Б.Байкенжеев  атындағы  облыстық  байқаудың  дипломанты.

Өнер  жолында  шәкірттер  тәрбиелеп, шәкірттері  облыстық, халықаралық байқаулардың жүлдегерлері.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь