ЖАЗИРА КЕНЖЕҒАРАЕВА

0
131

бөлім меңгерушісі

      1980 жылы 1 қарашасында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Ақарық ауылында дүниеге келген. 1996 жылы № 124 мектептің 9 сыныбын аяқтап, сол жылы Қызылорда музыкалық колледжінің «Хорды дирижерлау» бөліміне түсіп, аталған мамандық бойынша 2000 жылы аяқтаған.

      Еңбек жолын 2003 жылы Қарауылтөбе ауылдық клубының сүйемелдеушісі ретінде бастап, 2008 жылы клуб меңгерушісі қызметіне ауыстырылды. 2011-2013 ж. А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінің әдіскері қызметін атқарған.Осы қызмет жасаған жылдар аралығында облыстық кәсіподақ комитетінің алғысы, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  алғысы, 2013 жылы сазгер және продюсер, «Әнші болғым келеді» атты телевизиялық бағдарламасының авторы А.Махамбетованың шығармашылық кешін ұйымдастыруда қосқан үлесі үшін және мәдениет қызметкерлері күніне орай Қызылорда қаласы әкімінің алғысымен марапатталған. Сонымен қатар 2009 жылы «Қазақ қызы» атты композитор Р.Таймановтың әндерін орындаушылардың облыстық байқауының  ІІІ орын жүлдегері, 2010 жылы Сырдария ауданында өткен композитор Р.Тайманов әндерін орындаушылардың облыстық байқауында «Дипломант», 2012 жылы Арал ауданында өткен «Үздік әдіскер – 2012» облыстық әдіскерлер байқауының ІІІ орын иегері.

            2013 жылдың қараша айынан Қызылорда облыстық филармониясының әдіскері, 2014 жылдың мамыр айынан бастап шығармашылық бөлімше меңгерушісі қызметін атқарып келеді.    

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь