Айдос Иманжаппаров

0
38

1989 жылдың 3 шілдесінде Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Аманкелді аулында дүниеге келді. 2007 жылы орта мектепті бітіріп, 2008 жылы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжіне «Ән салу» бөліміне Ғ.Д.Сүлейменовтің класына оқуға түскен. 2012 жылы аталған колледжді бітіріп, 2012 жылы Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясына «Ән салу» бөлімі Монғолияның халық әртісі,

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Авхий Қабылаш Әбікейұлы класына қабылданды. Консерватория қабырғасында оқып жүріп, көптеген Халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты атанған. 2016 жылы консерваторияны аяқтап, сол жылы ГАТОБ-та өнер жолын бастаған. Сол жылы Шымкент облыстық опера және балет театрына шақырту алып, сол жылдан бастап Шымкент облыстық опера және балет театрында қызмет ете бастады. Аталған театрда С.Рахманиновтың «Алеко» операсынан Алеконың партиясын, М.Төлебаев «Біржан-Сара» операсынан Жанботаның партиясы, А.Жұбанов-Л.Хамиди «Абай » операсынан Абайдың партиясын, Дж.Верди «Травиата» операсынан Жорж Жермон партияларын және т.б. ірі рөлдерді сомдады. 2018 жылдан бастап Қызылорда облыстық филармониясының әртісі.  2019 жылы Алматы қаласында өткен К.Байсейтова атындағы ІХ  республикалық вокалистер конкурсынан ІІ орын жүлдегері.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь