ГҮЛНӘЗ НАҒАШЫБАЙ

0
47

Нағашыбай Гүлнәз Мейрімханқызы – 1996 жылы 18 қаңтарда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Лахалы ауылында дүниеге келген. 2002 жылы туған ауылындағы № 93 орта мектептің 1 сыныбына  қабылданып, 2011 жылы 9 сыныпты қызыл куәлікпен бітірген. Кішкентай кезінен әнге құмар болып, алғаш рет алты жасында ауылдық клубта өткен «Бүлдіршін Ару» байқауына қатысып «Бас жүлде» иеленді.  Аудандық Х – «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауына қатысып, облысқа жолдама алып, облыстық іріктеуден де өтіп, 2008 жылы Алматы қаласында өткен Халықаралық «Х – Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауында III  орын иеленді. 2010 жылы  Болгарияның Тутракан қаласында өткен Халықаралық «Речни ноты» балалар шығармашылығы байқауында I орын;2010 жылы Тәжікстанда өткен «Донак» халықаралық балалар телевизиялық фестивалінде өте жақсы өнер көрсеткені үшін арнайы жүлдеге ие болды.2011 жылы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің  академиялық ән салу бөліміне Қазақстан  Республикасының еңбек сіңірген әртісі Қаракөз Ақдаулетованың сыныбына қабылданды. Колледж қабырғасында да байқауларға қатысып: 2014 жылы Алматы  қаласында өткен Республикалық Корей романстары  байқауында дипломант  (IV орын); Қызылорда өңірлік Х – жастар Дельфийлік ойындарында  II дәрежелі  диплом; Облыстық «Сырдың жас жұлдыздары»  байқауынан  III орын;Халықаралық  «Жұбанов  көктемі -2015» байқауынан дипломант атанған.  2015 жылы Қызылорда қаласы, Қазанғап атындағы музыкалық колледжді қызыл дипломмен   бітіріп, осы жылы білімін жоғары деңгейде жетілдіру мақсатымен Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер  Университетіне «Вокал өнері» мамандығына мемлекеттік грант негізінде оқуға түсіп, «Қазақстанның Еңбек сіңірген» әртісі, доцент Гүлнәр Хамзинаның сыныбын бітірген. Университет қабырғасында оқып жүріп те, өнер жолындағы ізденістерін жалғастыру жолында «Salve reqina» II-ші ашық вокалистер конкурсында IIорын;  Нұрғиса Тілендиев атындағы Халықаралық «Өз елім» V саз фестивальі аясында өткен байқауда вокал номинациясы бойынша арнайы «Үміт» сыйлығын;  Алматы қаласында өткен Республикалық пәндік олимпиадада «Опералық ән салу» номинациясынан  IIIорынға ие болды. Байқаулардан бөлек мерекелік іс-шараларға да белсене қатысып келеді: Қазіргі таңда Қызылорда облыстық филармониясында қызмет атқарады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь