МАҚСАТ МАҚҰЛБЕКОВ

0
910

әнші, оркестрдің солисі 

Мақсат Нұрланұлы 1987 жылы 16 қыркүйекте Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1994 жылы №253 қазақ орта мектебіне 1-сыныпқа қабылданып, 2005 жылы бітіреді. 2005 жылы Қазанғап атындағы музыкалық колледжіне ҚР еңбек сіңірген әртісі Қаракөз Ақдәулетованың сыныбына түседі. 2009 жылы аталған колледжді жақсы бітіріп, сол жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясына халық әртісі, профессор Есимов Ғафиздің сыныбына оқуға түседі.

Жетістіктері:

2007 жылы Қызылорда қаласында өткен XXVIII Республикалық вокалистер конкурсында І орын;

2007 жылы Талдықорған қаласында өткен республикалық «Дельфийлік ойындар» фестивалінде ІІ орын;

2007 жылы Шымкент қаласында өткен «Романсиада» конкурсында арнайы диплом иегері;

2007 жылы Астана қаласында өткен «Шабыт» фестивалінде «Үміт» сыйлығының иегері.

2012 жылы Астана қаласында өткен Шабыт фестивалінің ІІІ орын иегері;

2012 жылы VI Халықаралық Бибігүл Төлегенова атындағы вокалистер конкурсының ІІ орын иегері; 

2013 жылы Н.Тілендиев атындағы «Өз елім» ІІІ саз фестивалі аясында байқауының

2013 жылы Талдықорған қаласында өткен М.Төлебаев атындағы конкурсының І орын;

2013 жылы Алматы қаласында өткен Халықаралық вокалистер конкурсының ІІІ орын иегері;

2016 жылы өнертану ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді.

2011-2016 жылдар аралығында «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында» жұмыс атқарған.

2016 жылдың қазан айынан бастап Қызылорда облыстық филармониясында қызмет атқарып келеді.

2019 жылы Еліміздің мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін «Қазақ мәдениетінің қайраткері» құрметті атағымен марапатталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь