САМАЛ БАЙСЕИТОВА

0
142

әнші, оркестрдің солисі

Қызылорда қаласында 1978 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. 1995-1999 жылдары Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінде Қ.Ақдәулетованың класынан білім алған. 2000-2004 жылдары Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын КСРО Халық әртісі Б.Төлегенованың класы бойынша оқып бітірген. Тұрмағамбет атындағы халық аспаптары оркестрінің жеке әншісі. Оның репертуарында қазақ және әлем классикасының туындылары, романстары, танымал опералардан ариялар мен халық әндері қамтылған. Алматыда өткен «Қазақ романсиадасы» халықаралық конкурсының дипломанты (2008), облыс әкімі стипендиясының иегері.

Ол Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің жеке әншісі ретінде облыста өткізілген барлық мәдени-көпшілік шараларға белсене араласып, өнер көрсетіп жүр. 2008, 2009, 2010, 2011 жылдары Алматы, Астана, Орынбор, Өскемен қалаларында өткен Қызылорда облысының мәдениеті мен өнері күндері аясындағы «Сыр – Алаштың анасы» атты арнайы бағдарламада оркестрмен өнер көрсетіп, көрермен қошеметіне ие болды. Қазір Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің вокал бөлімінде талантты жастарға дәріс береді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь