Сымбат Тасбергенова

0
130

әнші, оркестрдің солисі

Тасбергенова Сымбат Зұлхарнайқызы 1986 жылы 17 сәуір күні Қызылорда қаласының Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылында дүниеге келген. 2003-2007 жж. аралығында Қызылорда қаласындағы Қазанғап атындағы музыкалық колледжін И.Жарылқанов  класынан бітірген.

2005 жылы Қызылорда облысы әкімінің стипендиясына ие болады.

2007-2011 жж. Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде дәріс алып, магистратурада жалғастырады.

2011 жылы Халықаралық Ю.Башметтің шеберлік дәрісіне қатысып, магистратурада оқу алмасу бағдарламасымен Беларусияның Минск қаласында екі ай тәжірибе жинақтап, Беларусь халық әртісі К.Яковлевадан тәжірибелік сабақ алады. 

2012 жылы Астана Мемлекеттік академиялық филармониясында солист қызметін атқарған.

Жетістіктері:

2007 жылы ХХVIII Республикалық жас орындаушылар конкурсында І орын (Қызылорда);

2009 жылы «І Республикалық студенттер олимпиадасында» І орын (Алматы);

2009 жылы Ғ.Жұбанова атындаңы республикалық конкурста ІІ орын (Астана);

2009 жылы И.П.Иванов атындағы халықаралық конкурста ІІІ орын (Ресей, Тверь қаласы);

2011 жылы Н.Тілендиев атындағы «Кел, еркем, Алатауыңа» атты конкурсында І орын;

2012 жылы Бибігүл Төлегенова атындағы VI халықаралық конкурста ІІ орын;

2012 жылы Шабыт халықаралық конкурсында ІІ орын;

2014 жылы «Ең үздік академиялық әнші» грамотасымен марапатталған.

2017 жылдың тамыз айынан бастап облыстық  филармонияда оркестр солисі қызметін атқарып келеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь