БАҚЫТЖАН НАЙМАНОВ

0
1397

әнші

1987 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

1994-2005 жылдары Қызылорда қаласындағы №235 қазақ орта мектебінде оқыған. Мектеп қабырғасында жүріп ән айтып, облыстық «Бозторғай» балалар шығармашылығы конкурсына қатысып жүлделі ІІ орынды иеленеді. Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің «Ән салу» бөлімінің түлегі. Колледж қабырғасында жүріп бірнеше облыстық, республикалық байқауларға қатысты. Ол Сыр елі өнерлі жастарының «Менің дауысым, Отанға!» тележобасының дипломанты (2005), Орал қаласында өткен республикалық «Армандастар» конкурсының (2006) ІІІ орын иегері, Тараз қаласында өткен республикалық «Дельфийлік ойындары» фестивалінің дипломанты (2008).

2009 жылы колледжді аяқтап, сол жылдан бастап облыстық филармонияда қызмет атқарып келеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь