ДАНИЯР ЕСЕНТЕМІРОВ

0
63

әнші

1989 жылы 8 қаңтарда Қызылорда қаласында туылған. 2001-2004 жылдары «Жастарға білім беру орталығында» вокал студиясын, 2008-2011 жылдары Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің эстрада-вокал бөлімін бітірген.

2011 жылдан бастап Қызылорда облыстық филармониясының әртісі.  2006 жылғы облыстық «Менің дауысым, Отанға!»  тележобасының Бас жүлдегері, 2007 жылы өткен «Жас қанат» жас әншілер байқауының дипломанты, 2008 жылы Қарағанды қаласындағы «Жұлдыз-2008» конкурсының жүлдегері, «Алматы – жастар қаласы» фестивалінің ІІ орын иегері (2009), «Шабыт – 2009» фестивалінің лауреаты, «Сыр елінің жаңа жұлдыздары» тележобасының  супер финалисті  (2010) және«Х-FАКТОR» тележобасының финалисті (2011, Алматы).

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь