ГҮЛФИРА ӘЛИХАНОВА

0
1393

әнші

Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Шіркейлі ауылында 1985 жылы дүниеге келген. М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің 2000 жылғы түлегі. Колледж қабырғасында жүргенде облыстық «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. 2004 жылы көпшіліктің назарына әнші ретінде көзге түскен Гүлфира облыстық филармонияға жұмысқа қабылданады. Осы салаға келгелі өзінің кәсіптік біліктілігін жоғарғы деңгейден көрсетіп, үнемі облыстық мәдени іс-шаралардан тыс қалған емес. 2002 жылы өткен аймақтық Р.Бағланова атындағы әншілер байқауының «Бір бала» номинациясының, 2004 жылы Шымкент қаласында өткен республикалық дәстүрлі «Арай» жас әншілер байқауының, 2004 жылы Қызылорда қаласында өткізілген «Студенттер көктемі» жастар шығармашылығы фестивалі аясындағы «Патриоттық әндер» конкурсының лауреаты. 2005 жылы Астанада өткен республикалық «Жас қанат» әншілер байқауының дипломанты, 2006 жылы Ақтөбе қаласында Кеңестер Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 80 жылдығына орай өткізілген патриоттық әндер байқауының дипломанты.

Оның репертуарында Қазақстан композиторлары мен жергілікті сазгерлердің таңдаулы әндері бар. 2009 жылы сазгер-әнші Индира Елубаева екеуі бірігіп жеке шығармашылық кештерін қала жұртшылығының назарына ұсынды. Қазір облыстық филармонияның әншісі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь