КҮЛӘН ҚАЛЫМБЕТОВА

0
1898

ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қызылорда қаласының Құрметті азаматы

Қалымбетова Күлән Жантемірқызы Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесінің бастауыш мектеп мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

1977 жылы «Мелиоратор» сарайына көркемдік жетекші болып қызметке орналасқан.

1978 жылы қаңтар айында облыстық «Өмірімді әнмен өрнектейміз» атты байқауға қатысып, сол жылы облыстық филармонияның әншісі қызметіне шақырту алады. Бірнеше облыстық байқаулардың жеңімпазы.

1992 жылғы тұңғыш Ш.Қалдаяқов атындағы Республикалық байқаудың лауреаты, 1993-1994 жылдары Алматы қаласында өткен «Қарқара» жәрмеңкесіне қатысқан. Сонымен бірге Өзбекстанның Бұқара, Самархан, Новаии, сонымен қоса Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан елдерінде гастролдік сапарда болған.

1998 жылы 13 мамырда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» атағын алды.

2002 жылы Қызылорда педагогикалық университетінің музыка бөлімін үздік дипломмен бітіріп шықты.

2002 жылдың қорытындысымен халықтың сүйікті әншісі номинациясына ие болды.

Елбасының 2016 жылғы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ерен Еңбегі үшін» медалімен наградталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь