НАЗЕРКЕ НҰРАДДИНОВА

0
56

әнші

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылында 1991 жылы дүниеге келген. Шіркейлі ауылындағы Ә.Жәмішев атындағы қазақ орта мектебінің түлегі. Мектеп қабырғасында-ақ, ән байқаулары мен конкурстарына қатысады. Облыстық балалар шығармашылығының «Бозторғай» өнер байқауының, оқушылар арасындағы республикалық Абай Құнанбаев атындағы ән сайысының лауреаты болды. Өнер саласын таңдаған ол музыкалық білім алу мақсатында М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжіне түсіп, оны 2010 жылы бітіріп шығады. Колледж қабырғасында білім ала жүріп, ән байқаулары мен конкурстарға қатысып, жетістіктерге жетіп жүрді. 2007 жылы өткен «Менің даусым, Отанға!» атты Сыр жұлдыздарының өнер байқауында жүлделі І орын, 2008 жылы Алматы қаласында өткен республикалық «Әсеттің әсем әндері-ай!» конкурсында ІІІ орын, 2009 жылы республикалық «Арай» ән байқауында ІІ орын, Халық Қаһарманы, Халық әртісі Роза Бағланова атындағы республикалық «Ақмаңдайлым» әншілер байқауында ІІІ орын иеленген.

Қазір Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша дәріс алды. 2011 жылдан бері облыстық филармонияда қызмет атқарады. Облыста өтетін республикалық, халықаралық деңгейдегі мерекелік шараларға белсене ат салысып келеді. 2012 жылы өткен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, композитор Кеңес Дүйсекеевтің әндерін орындаушылардың «Туған жер» атты ІІІ республикалық әншілер конкурсында  жүлделі ІІ орынды иеленді. Астана қаласында өткен Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» атты халықаралық конкурста жүлделі І орынды иемденеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь