ОЛЖАС НҰРАЛИЕВ

0
1203

әнші

1990 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 1997 жылы аудандағы М.Қаратаев атындағы қазақ орта мектебінде білім алады. Мектеп қабырғасында жүріп көптеген аудандық, облыстық ән байқауларына қатысып жүлделі орындарға ие болды. «Абай оқулары» балалар шығармашылығы байқауы және дәстүрлі «Бозторғай» өнер байқауы, «Біз, бәріміз біргеміз!», Сыр елі өнерлі жастарының «Менің дауысым, Отанға!» тележобасы және т.б. конкурстардың жүлдегері. 2006- 2010 жылдары Қызылорда агро-техникалық колледжін бітіріп, кейін Ақмешіт гуманитарлық институтын тәмәмдаған. 2010 жылдан бастап облыстық филармонияда әртіс қызметін атқарады. 

2016 жылғы 23 қыркүйек күні Алматы қаласында өткен Т.Молдағалиевтің «Жүрегі жырдан жаралған» атты республикалық әншілер байқауында  арнайы жүлдемен марапатталды.

2016 жылы Қызылорда қаласы, Ж.Махамбетов ауылында өткен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай  ұйымдастырылған «Алаш» сыйлығының лауреаты И.Исаевты еске алуға арналған облыстық әншілер байқауында  Бас жүлде иеленді.

2019 жылы Еліміздің мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін «Қазақ мәдениетінің қайраткері» құрметті атағымен марапатталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь