РАУЗА ЫСҚАҚОВА

0
997

«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бөген ауылында 1972 жылы дүниеге келген. 1989 жылы З.Шүкіров атындағы Бөген орта мектебін бітірген. 1989-1991 жылдар аралығында қазіргі Ақмола облысы Жақсы ауданындағы мәдениет үйінде қызмет атқарған. 1991 жылы Қызылорда музыкалық колледжінің вокал бөлімінде Қаракөз Ақдәулетовадан дәріс алып, 1995 жылы бітіріп шықты. 1999 жылы Қорқыт Ата атындағы университетіне түсіп, 2003 жылы «Музыка және ән салу» бөлімін бітіріп шығады. Университет қабырғасында жүргенде 2002 жылы Роза Бағланова атындағы аймақтық конкурсқа қатысып лауреат атанды. 2012 жылы туған жері Бөген ауылы мен Арал қаласында жеке концертін берді. Репертуарында халық, қазақ классиктері мен композиторларының әндері бар.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь