ҮМІТ МЕДЕУОВА

0
158

әнші, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері

  Медеуова Үміт Еменқызы 1984 жылы Шымкент қаласында Әл-Фараби атындағы педагогикалық  институтының «Халық аспаптар бөлімінің жетекшісі» мамандығы бойынша 1988 жылы бітірді. Институт жанынан құралған «Достық» ансамблінің құрамында болып, түрлі байқауларға қатысып, бірнеше шетелдік гастрольдерде өнер көрсеткен.

1988-1990 жылдары жолдамамен Қызылорда қаласындағы «Бумажник» мәдениет үйінде үйірме жетекшісі болып қызмет атқарды.

1990-1998  жылдар аралығында облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығында бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. Осы қызметте жүре отырып, «Қазына» фольклорлық ансамблінде әнші-термеші ретінде жұмыс істеді.

1998 жылдан бері  облыстық филармонияда әнші-термеші қызметін  атқаруда.

2004 жылы өткен республикалық К.Әзірбаев атындағы әншілер конкурсының дипломанты.   2006 жылы 14 сәуір күні Н.Бекежанов атындағы драма театрда  Есеп беру концертін өткізді.

2011 жылы ҚР «Мәдениет қайраткері» атағын иеленді.

2011 жылы Облыс әкімінің стипендияты атанды.

2018 жылы 21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағының» бірлескен Құрмет грамотасымен марапатталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь