Филармония дирекциясы

0
2816
МАҚАШОВ ТАЛҒАТ БАҚЫТБЕКҰЛЫ

Облыстық филармонияның  директоры

Қызылорда қаласында туған (19.02.1974 ж.). 1996 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің музыка-педагогикалық факультетін бітірген. Еңбек жолын 1996-1997 жылдары №4 әуез мектебінде мұғалім болып бастап, 1997-2002 жылдары Қызылорда қаласы әкімдігінде маман, жетекші маман, 2002-2004 жылдары қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы, облыстық мәдениет басқармасының бас маманы, 2006-2008, 2009-2011 сәуіріне дейін облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени- продюсерлік орталығының директоры, 2008-2009 жылдары облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесінің директоры қызметтерін атқарды. 2009 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісіне ие болды.

Елбасының 2016 жылғы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

2017 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатымен, 2019 жылы Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризим және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» медалінің иегері.

2011 жылдың сәуір айынан бастап облыстық филармонияның директоры.


ІЗДІҚҰЛОВА АЗИЗА ГАЖДЕНБЕКҚЫЗЫ 

Директордың орынбасары

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, «Октябрь» (қазіргі Қоғалыкөл ауылы) совхозында 1973 жылы дүниеге келген. 1995 жылы Қызылорда музыкалық училищесінің хорды дирижерлау мамандығы бойынша бітіргеннен кейін еңбек жолын МИС поселкасының балабақшасында көркемдік жетекші қызметінен бастаған. 1995-1996 жылдары ауылдық мәдениет Үйінің директоры, Сырдария аудандық мәдениет Үйінің әдіскері, осы мәдениет Үйінің көркемдік жетекшісі, қалалық мәдениет Үйінің көркемдік жетекшісі, облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығының әдіскері, мәдени-продюссерлік бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бастап облыстық филармонияның көркемдік жетекшісі. Өз еңбек жолында жастарға арналған эстетикалық, мәдени тәрбиесі мол жобаларды жүзеге асырған. Ол «Бұрымды ару», «Аяжандар аруы» байқаулары, «Топи-топ» бүлдіршіндер конкурсының (қазіргі таңда «Бал бала» атымен өткізіліп келеді), облыс көлемінде өткізіліп жүрген мәдени көпшілік іс-шаралардың сценарист-режиссері болып танылып келеді. Облыстық филармония жұмысының көркемдік деңгейін арттыруға өзінің сүбелі үлесін қосып, филармонияның шығармашылық іс-қағаздарын жолға қоя білді. Ұтымды репертуар таңдау, концерттердің сапасын арттыру, гастрольдік сапарларды ұйымдастыру, ақылы қызметті орындау, филармония әртістерінің шығармашылығын шыңдау, әр түрлі жанрдағы концерттерді көбейту сияқты мекеменің негізгі қызметін анықтайтын міндеттерге үлкен жауапкершілікпен қарап, талғампаздықпен орайластырып отырады.

2000 жылы «Музыкальный вояж» жастар фестивалінің лауреаты атанып, Қызылорда қаласы бойынша «Ең үздік мәдениет қызметкері» номинациясын жеңіп алса, 2002 жылы Елбасының арнайы Алғыс хатымен марапатталды. СМС және Ақпарат қызметтері қоғамдық бірлестігінің «Құрмет белгісі», ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрмет грамотасы», «Мәдениет саласының үздігі» төс белігісінің иегері.2017 жылы «Жобалық кеңсе» аясында ұсынылған «Ля-ля-фа» балаларға арналған мюзикл студиясы жүзеге асып жыл қортыныдысы бойынша үздік жобалардың бірі болып танылды.

2017 жылы 21 мамыр-Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

2018 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

2008 жылдан бастап облыстық филармония жұмысының көркемдік, шығармашылық деңгейін арттыру мақсатында арнайы көркемдік Кеңес құрылып, жұмыс жасап келеді. Облыстық мәдениет басқармасының бастығы бекіткен көркемдік Кеңестің құрамында білікті мамандар: ҚР еңбек сіңірген әртістері К.Қалымбетова, Қ.Ақдәулетова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Р.Тайманов, ҚР «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегерлері Ж.Аққұлов, С.Бәйімбетова, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің дирижері К.Ботабаев, хореограф-балетмейстер, «Томирис» би ансамблінің жетекшісі Г.Мырзабаева, директордың орынбасары А.Іздіқұловалар кеңес мүшелері болса, филармония директоры Т.Мақашов көркемдік Кеңеске төрағалық етеді.


НОҒАЙБАЕВ СӘБИТ ОРЫНБАСАРҰЛЫ

Директордың орынбасары

1976 жылы Қызылорда қаласында туылған.1991 жылы Қызылорда музыкалық училищесін хор дирижері, 1996 жылы ҚМУ университетінде муз.пед факультетіне оқуға түседі.

2000-2003 жж. №2 Мұрагер орта мектебінде музыкалық жетекші, 2003-2005 жж. №173 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

2005-2010 жж. «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынында аға дыбыс режиссері болып жұмыс жасайды.

2008 жылы инженерлік-экономикалық институтын мұнай-газ өндірісін стандарттаушы және сертификаттаушы мамандығы бойынша бітірген.

2009 жылы Облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталады.

2010 жылы «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының бас режиссері қызметін атқарады.

2010 жылы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Серпін» экономикалық-сараптау бағдарламасы өткізген аймақтық байқауда Гран-при иегері атанады.

2016 жылы облыс әкімінің Құрмет грамотасы және алғыс хатымен марапатталған.

2016 жылдың маусым айынан бастап облыстық филармонияда директордың орынбасары қызметін атқарып келеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь