Кенжеғараева Жазира Мырзағалиқызы

1980 жылы 1 қарашада Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының Ақарық (қазіргі Есет батыр) ауылында дүниеге келген. 
1996-2000 ж.ж. Қызылорда музыкалық колледжінің «Хорды дирижерлау» бөлімінің түлегі.
Еңбек жолын 2003 жылы Қарауылтөбе ауылдық клубының сүйемелдеушісі қызметінен бастаған, 2008-2011 жылдары Қарауылтөбе ауылдық клубының меңгерушісі, 2011-2013 жылдар аралығында А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінің әдіскері қызметтерін атқарған. 
Қарауылтөбе ауылдық клубында қызмет атқарған кезеңдерде қалалық «Үздік клуб қызметкері» байқауларында, Р.Тайманов атындағы облыстық байқауды  жүлделі орынға ие болса, қалалық мәдениет үйінің әдіскері қызметінде облыстық «Үздік әдіскер» байқауының лауреаты атанды.. Сондай-ақ, А.Тоқмағамбетов мәдениет үйі жанынан құрылған «Мереке-думан» әзіл-сықақ отауында, «Сиқырлы айна» театрында көптеген интермедияларда басты рөлдерде сомдады.

2013 жылдан бастап Қызылорда облыстық филармониясының әдіскері. 
Еңбек жолында, Қызылорда қаласында алғаш рет халықаралық би күні, «Егіздер» сайысы, «Әнші болғым келеді» телевизиялық бағдарламасының авторы А.Махамбетованың Қызылорда қаласында өткен шығармашылық кеші,  «Ля-ля-фа» балалар мюзиклі сынды тағы да басқа ауқымды шараларды жоғары деңгейде өткізілуіне зор үлесін қосты. 
Облыстық филармонияның шығармашылық іс-қағаздарын, есептік жұмыстарын аса жауапкершілікпен орындап келеді. Жыраулар үйінің ақпараттық тақтасына, дәстүрлі өнердің бастауында тұрған шайырлар, ақындар мен жыршы-жыраулардан бастап бүгінгі күнгі бала жыраулар туралы мәліметтерді жинақтап, енгізуде зор еңбек етті. Жалпы мәдениет саласында қызмет атқарған 21 жыл ішінде мәдениет саласының көптеген марапаттарына ие болды.