Аимбетов Болат Талғатұлы

1990 жылы 13 желтоқсанда туған. Туған   жері – Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылы. Қазақстан Республикасының азаматы.

1997 жылы №178 орта мектеп табалдырығын аттап, 2008 жылы аяқтайды. 2008 жылы Қорқыт Ата   атындағы ҚМУ колледжіне Интерьер Дизайн мамандығы бойынша оқуға түсіп 2012 жылы аяқтайды.

2012 жылдың қыркүйек айынан бастап Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәдени бөлімінде қызмет атқарады. Әлеуметтік даму саласында атқарған қызметі үшін және өңірдің дамуы жолында қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

2017-2018 жыл   аралығында мамыр айынан бастап Облыстық наркологиялық орталығында тәуелділік жөніндегі кеңес беруші қызметінде болды.