Өтебасова Айгүл Тастыбайқызы

Өтебасова Айгүл Тастыбайқызы 1977 жылы 20 қаңтар күні Қызылорда облысы Арал ауданының Аманөткел ауылында дүниеге келген.

1995-1998 жж Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Оркестр жетекшісі және мәдени демалысты ұйымдастыру біліктілігі», 2012 жылы Қызылорда «Ашық» университетінің «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандықтары бойынша білім алады.

Еңбек жолын 1993 жылы Аманөткел ауылындағы ПМК-4 құрылыс мекемесінде хатшы қызметінен бастады.

1999 жылы ақпан айында Қызылорда облыстық филармониясына филармония әртісі ретінде жұмысқа қабылданып, 2010 жылы ұйымдастырушы (администратор) қызметіне ауысты.

Айгүл Тастыбайқызы облыста ұйымдастырылып жатқан мәдени-көпшілік шаралардың жоғары деңгейде өтуіне зор үлес қосып жүрген білікті маман. Қарағанды, Теміртау, Атырау, Құлсары, Ақтөбе облысында және Әйтеке би, Ырғыз ауданында, Қызылорда облысына қарасты аудан орталықтары мен елді мекендерінде облыстық флармония концерттерін жоғары деңгейде ұйымдастырып келді. Сонымен қатар қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, Қазақ КСР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қырғызстан мен Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі, Халық әртісі Р.Рымбаева және эстрада жұлдыздары А.Мейірбеков, Б.Тайлақбаев, М.Ілиясова, Б.Самединова, Г.Сиқымбаева, А.Жорабаева, «МУЗ АРТ» триосы, «АБК» тобы және Қазақстанның халық әртісі Н.Үсенбаева, қазақ балетінің аңызы Болат Аюханов және биші Шұғыла Сапарғалиқызы сынды көптеген өнер майталмандарының концертін Сыр өңірінде жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысты.

25 жыл ішінде Сыр руханияты мен өнеріне және мәдениетіне жасаған еңбегі үшін көптеген марапаттарға ие болды.

2008 жылы – филармония директоры Б.Арысбаевтың алғыс хаты;

2014 жылы – филармония директоры Т.Мақашовтың алғыс хаты;

2015 жылы – Ұлттық ұланмен бірлесе белсенді қызмет еткені үшін 5547 әскери бөлімі бастығының алғыс хаты;

2017 жылы – мәдениет және өнер қызметкерлер күніне орай мәдениет басқармасы басшысының алғыс хаты;

2017 жылы – Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандырылған сыныптары бар «Мұрагер» мектебінің директорының алғыс хаты;

2017 жылы – филармония директоры Т.Мақашовтың алғыс хаты;

2018 жылы – облыстық мәдениет архивтер және құжаттама басқармасы басшысының алғыс хаты;

2019 жылы – облыс әкімінің алғыс хаты;

2020 жылы – Қоғамдық марапаттар жөніндегі Республикалық Кеңестің «Қазақ мәдениетінің қайраткері» медалімен марапатталды.

2021 жылы – Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-сі орталығы директорының алғыс хаты;

2021 жылы – облыстық мәдениет архивтер және құжаттама басқармасы басшысының алғыс хаты;

2023 жылы – Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің алғыс хаты;

2023 жылы – 2024 жылдың қорытындасымен облыстық филармония директоры Т.Мақаштың алғыс хатын иеленді.

2024 жылы – ҚР Шекара қызметінің 32 жылдығына орай ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бастығының алғыс хатымен марапатталды.

2024 жылы салаға сіңірген сүбелі үлесі үшін ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.