ЖАС ЕКПІН
Дауыспен тыңдау
Күні: 21 Ақпан
Жылы: 2025
Уақыты: 19:00

ҚҰРМЕТТІ ӨНЕР СҮЙЕР КӨРЕРМЕН! 

Сіздерді Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің "Жас екпін" атты концертін тамашалауға шақырамыз! Концерттің бас дирижері — Руслан Балмасов. 

Ұлттық музыка салтанат құратын кеште Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Кеулімжай Ботабаев және еліміздің өзге өңірлерінен келген белгілі дирижерлер: Шымкент концерт «Концерттік ұйымының» қазақ халық аспаптар оркестірінің бас дирижері Жамбыл Мейірбеков; 

Н.Тілендиев атындағы фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің дирижері, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Әбілқайыр Бейсеков; 

«Folk show» жобасының авторы әрі дирижері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Әділет Азбаев;

Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының магистранты Нұрғали Әшімхан; 

Сүгір атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің бас дирижері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Шыңғыс Исаев өнер көрсетеді. 

Сонымен қатар, филармония жанынан құрылған Хор ұжымы мен М.Қалауов атындағы Қызылорда қалалық Өнер мектебінің домбырашыларының өнерін тамашалай аласыздар!