АНАЛАРҒА ТОСЫН СЫЙ
Дауыспен тыңдау
Күні: 8 Наурыз
Жылы: 2025
Уақыты: 16:00

ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ!

Көктемнің ең шуақты мерекесі "8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне" орай өтетін облыстық филармония эстрадалық орындаушыларының "АНАЛАРҒА ТОСЫН СЫЙ" атты қойылым-концертін тамашалауға шақырамыз!

Мереке қарсаңында ардақты анаңызға, апа-қарындасыңызға, аяулы жарыңызға ұмытылмас сезім мен қайталанбас көңіл-күй сыйлаңыз!

Кеште Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Күлән Қалымбетова, ҚР "Мәдениет қайраткері" төсбелгісінің иегері Үміт Медеуова, әнші, ақын, сазгер, ҚР "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісінің иегері Индира Елубаева, ҚР "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісінің иегерлері Рауза Ысқақова, Гүлфира Әлиханова және «Тұран» триосының өнерін тамашалай аласыздар. Филармония солистері, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Бекзат Молдабергенов, Айдос Шадаев, Олжас Нұралиев, Бақытжан Найманов, Ринат Үсенов, Индира Баимбетова, Гаухар Бисекенова, Аружан Төреғали, Айсұлу Әбді, Динара Қыдырбай, Аружан Қойшығара, жұлдызды жұп Әлішер мен Арай және аралас хор ұжымы (Жетекшісі – Арайлым Қуаныш), «Ai-Aru» заманауи би ансамблі (Жетекшісі – Замира Стықбаева) және "Томирис" би ансамблі (Жетекшісі — Молдир Тойбазарова) Сіздер үшін керемет мерекелік көңіл-күй сыйламақ! 

Біз Сіздерді асыға күтеміз! Келіңіздер! Көріңіздер!

8 наурыз күні , сағат 16:00-де
Өнер орталығында

Билеттерді Тикетон сайтынан және филармония кассасынан ала аласыздар
Билет құны: 1000 тг