ШЕБЕРЛІК ДӘРІСІ
Күні:
11 Наурыз
Жылы:
2025
Уақыты:
15:00
Мәдениет саласының үздігі, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, К.Байсейітова атындағы Қазақ Ұлттық Өнер университетінің қобыз және орыс халық аспаптар кафедрасының доценті Сайжан Алмат Қарасайұлы арнайы Сыр еліне келіп, "Қобыз орындаушылық өнерінің негізгі мәселелері: микрохроматика және флажолеттер" тақырыбында барша қобызшыларға шеберлік дәрісін өтетінін хабарлаймыз!
"Қорқыт сазы" қобызшылар ансамблінің репертуарын кеңейту, автор шығармаларын және еліміздің өзге де композиторларының туындыларын үйрету, тәжірибе алмасу және Қорқыт күйлерінің өңделген нұсқаларын меңгерту мақсатында өтетін дәрісті жіберіп алмаңыздар!