СҰЛУ СЫРДАН БАТЫСҚА САЗДЫ СӘЛЕМ
Дауыспен тыңдау
Күні: 21 Сәуір
Жылы: 2025
Уақыты: 19:00

Сіздерді 21 сәуір күні Орал қаласының «Атамекен» концерт залында өтетін Қызылорда облыстық филармониясы эстрадалық орындаушылар ұжымының «Сұлу Сырдан Батысқа сазды сәлем!» атты ән кешіне шақырамыз!

Қос тарап арасындағы бірлескен меморандум аясында өтетін концертте Сыр елінің жарық жұлдыздары, ҚР «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Үміт Медеуова, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері Азиза Іздіқұлова, әнші, ақын, сазгер Индира Елубаева және Гүлфира Әлиханова, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Бекзат Молдабергенов, Ринат Үсенов, Ақылбек Табынбаев, Олжас Нұралиев, Айдос Шадаев өнер көрсетеді. 

Ән кешінің режиссері — Мәдениет саласының үздігі, «Шеберлік шыңы» номинациясының иегері Азиза Іздіқұлова 

Сұлу Сырдың Жайық жұртына ыстық ықыласы мен сазды сәлемін жіберіп алмаңыздар!