Сіздерді 23 сәуір күні Ғ.Жұбанов атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының Өнер орталығында өтетін Қызылорда облыстық филармониясы эстрадалық орындаушылар ұжымының «Сұлу Сырдан Батысқа сазды сәлем!» атты ән кешіне шақырамыз!
Батыс аймақтың бас қаласында өтетін концертте Сыр елінің жарық жұлдыздары, ҚР «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Үміт Медеуова, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері Азиза Іздіқұлова, әнші, ақын, сазгер Индира Елубаева және Гүлфира Әлиханова, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Бекзат Молдабергенов, Ринат Үсенов, Ақылбек Табынбаев, Олжас Нұралиев, Айдос Шадаев өнер көрсетеді.
Ән кешінің режиссері — Мәдениет саласының үздігі, «Шеберлік шыңы» номинациясының иегері Азиза Іздіқұлова
Сыр таланттарының әсем Ақтөбеге арнаған ән кешінен қалыс қалмаңыздар!