БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ
Күні:
4 Шілде
Жылы:
2025
Уақыты:
19:00
Ұлттық Домбыра күніне және күйші Мырза Тоқтаболатұлының 175 жылдығына арналған «Сыр толқыны» атты ІІ Республикалық күйшілер конкурсына өтінім қабылдау басталды!
Байқау мақсаты: Сыр бойы күйлерін қайта жаңғыртып, оларды өскелең ұрпақтың эстетикалық тәрбиесіндегі маңызды құрал ретінде қарастыру, жергілікті күйші-композиторлардың мұрасын жас жеткіншектерге насихаттау арқылы халқымыздың көне, фольклорлық-этнографиялық домбыра аспабын меңгеруде кәсіби шеберліктеріне ықпал жасау, өнерпаздар қатарын дарынды, жаңа буын өкілдерімен толықтырып, шығармашылықтарына кең жол ашуКонкурсты өткізу тәртібі мен шарттары

Конкурсқа 16-38 жасқа дейінгі республиканың әр облысынан 2 орындаушы, Алматы және Астана қалаларынан 3 орындаушы, Қызылорда облысынан 10 үміткер қатыса алады;
Конкурс домбыра аспабында орындаушылық номинациясы бойынша өткізіледі;
Конкурсқа қатысушы әр кезеңдегі орындалар шығарманы жатқа орындайды;
Сайыскердің өтінімінде алдын-ала көрсетілген шығармалар өзгертілмейді;
Қатысушылардың конкурста өнер көрсету кезектілігі жеребе тарту арқылы анықталады.Конкурс ІІ кезеңде өтеді

кезең
Шал Мырза күйлерінен - таңдауы бойынша 1 күй:- «Жалтаң қарға»
- «Қайран елім, қайтейін»
- «Қоштасу (Өттің дүние, кеттің дүние)»
Әлшекей – қалауы бойынша 1 күй
Шағдар Ақылбеков – «Қимас достық»
Н.Тілендиевтің күйлерінен - қалауы бойынша 1 күй
кезең
Қазанғап – «Жыр күйі»
Халық күйі – «Терісқақпай»
Құрақтың Досжаны – қалауы бойынша 1 күй
Сыр бойы композиторларынан – қалауы бойынша 1 күй (Исламбек Ысқақов, Мүлкаман Қалауов, Тасболат Ысқақов, Қошқарбек Тасбергенов, Мұрат Сыдықов, Бәден Айсынов, Төлепберген Тоқжанов, Ерболат Мұстафаев және т.б.)Конкурс талаптары

Күй өнерінің танымал шеберлерінен құрылған қазылар алқасы талапкерлердің мынадай қасиеттерін бағалайды:
- Орындаушылық шеберлігі, ынтасы
- Сахна мәдениеті
- Күй характерін жеткізе білуі, артистизм
- Кәсіби деңгейі
Қосымша анықтамалар мен мәліметтер бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады

Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі 10 АҚызылорда облыстық филармониясы
8724 270 66 29, 8 775 562 76 91Эл. почта: kz_filarmoniya@m